Шығыс шамшырағы

Мәулана Жалаладдин РУМИ — атақты ақын, ойшыл, рухани жағынан жетілген ғұлама, ұстаз. Ол 1207 жылы Ауғанстанның Бәлх қаласында дүниеге келген. Оның алғашқы ұстазы әкесі Бахаеддин Велед болды.  Әкесінің тәрбиесімен Мәулана кішкентай кезінен-ақ жан-жақты жетілген ой иесі болып қалыптасты. «Мәулана» — Жалаладдин Румиге кейіннен қосылған есім. Ол «біздің мырза, қожамыз» дегенді білдіреді. Оны ізбасарлары қастерлеп осылайша атаған. Орта жастан асқан шағында Шәмс Тәбризимен жолығып, оны өзіне ұстаз еткен. Жалаладдин Руми атақты «сема» биінің негізін қалаған. Мәулана Түркияның Кония қаласында жерленген. 2007 жылды ЮНЕСКО Руми жылы деп жариялап, көптеген шаралар өткен болатын. Төменде оның «Мәснәуи» атты шығармасынан алынған ғибратты әңгімесі мен афоризмге айналған ойларын беріп отырмыз. «Мәснәуи» — «барлық тіршіліктің мән-мағынасы туралы поэма».

ПІКІР ЖАЗУ