Шәкірттің сөзі

Шәкірттерміз сенімдерді ақтайтын,
Әділдікті ақ жол етіп жақтайтын.
Жиырмасыншы мектеп аталған ақ орданың,
Биікте ұстап, абыройын сақтайтын.

Білім алып өзімізді шыңдаймыз,
Жарты жолдан берілмейміз, сынбаймыз.
Әліппенің әр әріпін үйреткен, —
Ұстаздарды құрметтейміз, сыйлаймыз.

Амангелді Нұрсұлтан, Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ