Салық саясаты – ел дамуының негізі

Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу әрқашан наразылық туғызып отырған.Мысалы, өткен ғасырда Англияда жұмыс иттерінің құйрығына салынатын салық енгізілген.. Адамдар салық төлемеу үшін  иттерінің құйрығын кесіп тастады. 300 жыл бұрын: малшылар: зекет, соғым, сыбаға; диқаншылар: баж, харадж түрінде салық төлеуге мәжбүр болды. Салық-мемлекеттік өкімет органдарының мемлекет пайдасына азаматтар немесе фирмалардың жалақысы немесе  пайдасынан алатын міндетті төлемдері;мемлекеттік бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көзі. Салықтар-жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері; белгілі бір ақша сомасы; мемлекеттің табысы; салық- бұл заң. Салықтардың қызметі – мемлекет табысын жасайды, экономиканы реттейді. Салықтарды адамдар төлейді. Салықтар табыс, мүлік, тауар, мұра, жер үшін төленеді. Мемлекеттік қазынаны толтырудың әдісі ретінде салықтар мемлекет пайда болғаннан бері бірге жасасып келеді.Мемлекет шығындары өсетіндіктен салық түрлер де жылдан-жылға өседі. Сондықтан салық түрлері жылдан жылға өзгереді және өседі.Жаңа салықтар енгізіліп отырады. Егер мемлекет салық салмаса, онда ол өзінің экономикалық қызметін орындай алмайды. Мемлекет  ақшаны жеке адамдар мен кәсіпорындарға салынған салықтардан жинайды. Әрбір мемлекеттің тұрақты дамуы үшін оның экономикалық жүйесі дұрыс құрылуы қажет. Сол жүйенің маңызды бір бөлігі – салық саясаты. Салық – бұл мемлекет азаматтарынан алынатын міндетті төлем, ал салық саясаты – осы төлемдерді тиімді басқарудың жолдары мен ережелерінің жиынтығы. Бұл саясат елдің қаржылық тұрақтылығын сақтауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға көмектеседі. Салық саясаты арқылы мемлекет өз бюджетін қалыптастырады. Жиналған салықтар білім беру, денсаулық сақтау, жол салу, қорғаныс сияқты халыққа қажетті салаларға жұмсалады. Яғни, біз төлейтін салықтар мектептер мен ауруханалардың жұмыс істеуіне, зейнетақы мен жәрдемақылардың берілуіне себеп болады. Салық – әрбір азаматтың мемлекетке төлейтін міндетті төлемі. Ол мектеп, аурухана, жол, жарық сияқты күнделікті өмірімізде қолданатын қызметтерді қаржыландыруға жұмсалады. Ал салық саясаты – осы салықтарды жинау мен басқарудың ережелері мен жолдарын білдіреді. Жастар үшін бұл тақырып маңызды, себебі олар – болашақ кәсіпкерлер, мамандар және салық төлеушілер. Кез келген табысы бар адам салық төлеуге міндетті. Бұл – елдің дамуына қосқан үлесің. Бюджетке түскен салықтар мектеп, аурухана, қорғаныс, жол, мәдениет сияқты салаларға бағытталады. Қазір Қазақстанда салық төлеу электронды түрде жеңілдетілген. Kaspi.kz, eGov, e-Salyk Azamat қосымшалары арқылы салықтарды оңай төлеуге болады. Егер кәсіп ашқың келсе, салық салу жүйесін, тіркеу тәртібін және жеңілдіктерді білу маңызды. Кейбір стартаптар мен жастар жобаларына салықтық жеңілдіктер беріледі. Әр адам табысына қарай салық төлесе, елде теңдік пен әділеттілік орнайды. Бұл – жауапты азаматтықтың көрінісі.

Салықтың бірнеше түрі бар: табыс салығы, қосылған құн салығы (ҚҚС), мүлік салығы және тағы басқалар. Мемлекет осы салықтардың мөлшерін, ставкаларын, жеңілдіктерін реттеп отырады. Егер салық мөлшері тым жоғары болса, кәсіпкерлер үшін ауыр болады, ал егер тым төмен болса, бюджетте қаражат жетіспеуі мүмкін. Сондықтан салық саясатының тиімділігі – тепе-теңдікті сақтай білуінде.

Қазақстанда салық жүйесі біртіндеп жетіліп келеді. Цифрлық технологиялардың енгізілуі, салық төлеудің жеңілдеуі – бұл жақсы өзгерістер. Дегенмен, көлеңкелі экономикамен күресу, әділ салық төлеу мәдениетін қалыптастыру – әлі де маңызды мәселелердің бірі.

Салық саясаты – елдің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқаты үшін аса маңызды құрал. Әр азамат салық төлеудің маңызын түсініп, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінсе, еліміз одан әрі гүлдене береді. Салық – бұл тек міндет емес, сонымен қатар Отанымыздың болашағына қосқан үлес.

Әр елдің салық саясаты әртүрлі, бірақ барлығының мақсаты бір — экономиканы тұрақты дамыту, азаматтарға қызмет көрсету, әлеуметтік теңдікті сақтау. Шетелде салық жинау жүйесі көбіне ашық, әділ және заманауи технологияларға негізделген.

АҚШ-та салықты федералдық, штаттық, және жергілікті деңгейде жинайды. Жеке табыс салығы — прогрессивті (яғни, табысы көп адам көбірек төлейді). Кәсіпкерлер мен компаниялар үшін арнайы салықтар мен жеңілдіктер бар. Ішкі кірістер қызметі (IRS) — елдегі ең қуатты салық мекемесі, салықтан жалтарғандар қатаң жазаланады. Салық төлеу — заңды және азаматтық міндет, оны жасыру — қылмыс.

Жоғары әлеуметтік салықтармен ерекшеленеді, себебі мемлекет азаматтарға көптеген тегін қызмет көрсетеді (мысалы, денсаулық сақтау, білім). Жеке табыс салығы 14%-дан басталып, 45%-ға дейін жетуі мүмкін. Жұмыс беруші де, қызметкер де салық төлейді. Салық жүйесі өте нақты, құжаттармен дәлелденуі керек. Электронды түрде есеп беру кеңінен қолданылады.

Швецияда салық мөлшері өте жоғары (орта есеппен табыстың 30–50%-ы), бірақ денсаулық сақтау, білім, көлік, жәрдемақылар тегін немесе өте арзан. Азаматтар салық төлегеніне ренжімейді, себебі оның қайда жұмсалатынын көреді. Салық ашықтығы – басты принцип. Кейбір елдерде тіпті кім қанша салық төлегені жайлы ақпарат ашық болуы мүмкін. Араб елдері  БАӘ         Кейбіреулерінде табыс салығы жоқ. Мұнай табысы есебінен әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік салықтар: 1.Тікелей салықтар-тікелей  табыстан және мүліктен алынады. Мысалы,  табыс салығы: табысқа салынатын салық. Меншікке салынатын салық. Жанама салықтар-тауар бағасына салынады. Мысалы, қосымша құнға салынатын салық: акциз, кедендік баж салығы. Салық салуға жатпайтын жерлер. Ерекше қорғаудағы табиғи аймақтар.  Халықтың демалыс орындары. Балаларды сауықтыру орындары. Ботаникалық бақтар. Зоологиялық бақтар. Көлік жолдары.

Табыс салығын төлеушілер: Табысы бар барлық азаматтар. Шетел азаматтары. Азаматтығы жоқ тұлғалар. ҚР территориясында табыс табатын шетелдік резидент емес тұлғалар. Салық жүйесінің принциптері: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыруға болады.

Үкімет салықтарды не үшін пайдаланады?

1.Жалпы  ұлттық міндеттерді шешу. 2.Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне  жалақы төлеу. 3.Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу. 4.Өндірістің белгілі бір саласын қорғау. 5.Үкімет тарапынан  зиянды деп есептелетін  іс-әрекеттерге шектеулер жасайды. 6.Белгілі бір іс-әрекеттерге қолдау көрсету. 7.Елдің экономикалық белсенділігін арттыру.

 

 

Г.Тұрлыбекова

 

ПІКІР ЖАЗУ