Бірде бір бала назарсыз қалмауы қажет

Қазақстанда инклюзивтік білім беру қарқынды дамып келеді, бұл өте қуанарлық жағдай. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты — даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту, білім беру. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, тек мемлекет пен үкімет­тік емес ұйымдардың міндеті ғана емес, әрбір азамат олар үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса алады. Бұл – тең мүмкіндіктері бар, әділет­ті және мейірімді қоғам құру жолындағы маңызды міндет. Инклюзия дегеніміз– мүгедектігі бар балаларды қоғамға араластыру, әлеуметтендіру, сонымен қатар реабилитациядан өткізу. Қазақ­стан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Президент бірнеше рет Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға инклюзивті қоғам қалыптастыру бойын­ша нақты тапсырмалар берген. Қазір ерекше қажеттілігі бар балалардың  үйде, төрт қабырғаға қамалып отырмауы үшін жағдайлар жасалуда. Дегенмен жергілікті жерлерде мамандар, педагогтар, ата-аналар бұған толық дайын деп айта алмаймыз. Мамандардың айтуынша инклюзивті дайындықты балалар үйден алатын жағдайлар көп. Қазіргі уақытта балалардың басым көпшілігі үйден оқытылады. Мінез-құлыққа, денсаулық жағдайына, мектепте болудағы шектеуге байланысты шектеулер бар әрине, бірақ балалар сыныбы, достары бар екенін білгені өте маңызды.

Бірде бір бала назарсыз қалмауы қажет. Барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндік беру үшін қашықтықтан оқытудың тиімді әдістері қажет. Тегін онлайн оқыту курстарын құру, мектептерде және кітапханаларда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету оқытудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді. Балалар ересек өмірде тәуелсіз болуы үшін жұмыспен қамтылуы керек. Қоғам да оларды осындай балаларды ашық қабылдауға дайын болуы керек.

Инклюзивті білім беру – бұл инклюзивті қоғамды құрудың іргетасы, және бұл жүйеде әрбір бала жеке тұлға, өйткені мектеп жасында адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеді. Ең дұрысы, қоғам ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру инклюзивті білім беру моделін құруды үйренуі керек. Өйткені, әрбір бала сезінуге және ойлауға қабілетті, сөйлесуге және тыңдауға құқығы бар. Және бұл баланы жарты күн немесе толық күн бойы қарапайым сыныпқа немесе топқа орналастыру емес, сонымен қатар бұл оқушылардың көзқарасын өзгерту, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру арқылы қолайлы жағдай туғызу, ерекше қажеттіліктері бар баланы қоғамға толығымен тарту. Менің ойымша, қоғам инклюзияның не екенін практикалық тәжірибесінен үйренетініне көз жеткізу керек. Мемлекетіміздің және халқымыздың мақсаты – баланы табысты тәрбиелеу, білім беру ортасына, қоғамға барынша қауіпсіз, ең қолайлы қосу және болашағымыз үшін инклюзивті қоғам құру болуы керек.

Инклюзивті алаң – бұл кедергісіз алаң. Дәл осы жердегі табалдырықсыз орта сияқты, балалар алаңы да арбадағы, қозғалуында қиындықтары бар балалар ойын алаңындағы төбелерге еркін көтеріліп, әткеншектерде қиналмай ойнай алуы үшін арнайы бейімделген. Барлығы да балалар өздерін бақытты сезінуі үшін ойластырылып, құрастырылған. Инклюзияға қақпа – бұл спорт пен шығармашылық. Қазір балалардың әлеуметтенуіне көмектесетін бейімделген спорт түрлері дамуда. Балалардың бойында бейімделген спорт арқылы жаңа қасиеттер ашыла бастайды, жетістікке жету, ұйымшылдық, топтық жұмыс өте жақсы дамиды. Балалар – нағыз спортсмен ретінде арбаларын апарып, арбадағы марафонға қатысады. Балалар күніне орай инклюзивті сөрелер ұйымдастырылады. Бұл шара ға балалар ғана емес, ата-аналар да белсенді қызығушылық танытады. Балаларының барлығымен бірдей спорттық шараларға қатысуға тең мүмкіндік алғаны ата-аналарға жаңа эмоция, сезім сыйлайды және ертеңге деген сенім ұялатады. Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі. 2021 жылы инклюзивті білім беру туралы заң қабылданды, бұл тамаша, бірақ пилоттық форматта 2018 жылы Алматыда бірқатар мектептерде инклюзивті білім беру қағидасы енгізілді. Инклюзиядағы жұмыс барысында мамандардың өздері баланың ерекшеліктеріне бейімделіп, барлық балаларға икемді жағдай жасады. Олар баланың дағдылары мен дарындылығын дамытуға мүмкіндік берді. Олар сабақта нейротиптік балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балалар бір-бірімен өзара әрекеттесетіндей сабақ формасын құру, тарту және ұсыну үшін оқыту мен оқуға деген көзқарасты дамытады. Заң нормативтік-құқықтық базаны одан әрі дамытуды көздейді, мұнда кез келген бала, ерекше белгілерінің бар немесе жоқтығына қарамастан, өзінің күшті жақтарын ескере отырып, білім ала алады. Объективті түрде инклюзивті білім берудегі жағдай жақсы жаққа өзгерді деп айта аламыз. Мүмкіндіктер көбірек. Бұдан былай мектептер ерекше баланы бағалау критерийлері ескерілетін құжат жасауға, оған жеке білім беру траекториясын жасауға, қажет болған жағдайда тәрбиешіге сұрау салуға құқылы. Енді бұл жағдайлар оқу орындарының еншісінде.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ