Сабыр Адай кабинеті – рухани мұра ордасы

       Қазақ халқының рухани өмірінде ел үшін еңбек еткен өнегелі  тұлғалардың орны әрдайым ерекше. Осындай өнегелі жолы мен тағылымы мол мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау жолында мектебімізде 2011 жылдың мамыр айында Сабыр Адай кабинеті салтанатты түрде ашылды. Кабинет қала әкімдігінің және «Өзенмұнайгаз» АҚ қолдауымен, қаламыздың депутаттары Асқар Ноғай мен Орынбасар Сейдов бастаған белсенді қоғам қайраткерлерінің қосқан үлесі зор. Бұл игі шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ақын өлеңдерінің құндылығын танытуға,  тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды жол.

     Сабыр Адай – өз заманының шындығын терең түсініп, ел бірлігі мен адамгершілік қасиеттерді ту еткен тұлға. Оның шығармашылығы мен өмір жолы жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді. Ашылған кабинетте Сабыр Адайдың өмірі мен еңбектеріне қатысты деректер, кітаптар, фотосуреттер мен танымдық материалдар жинақталған.

Кабинеттің басты мақсаты – оқушылар мен жастардың рухани дүниесін байытып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыру. Бұл орталықта танымдық сабақтар, әдеби кештер мен тәрбиелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік мол. Сонымен қатар, кабинет білім алушылардың зерттеу жұмыстарына да үлкен қолдау көрсетеді. Атап өтсек: қалалық, облыстық, республикалық Сабыр Адай, Мұқағали, Ілияс, Әбіш оқуларында оқушылар өздерінің сөз шеберліктерімен, оқу мәнерімен, сахна мәдениетімен жүлделі орындарға ие болды. Осындай мақтан тұтар оқушыларымыз Тынышева Айымжан, Манан Абзал Асқарұлы, Бекес Інжу, Аманқожа Нұрилла, Ережепбай Ерасыл, Мизамбай Анэль, Бериков Сауран, Жоламанов Айдос.

Салтанатты ашылу рәсімінде қонақтар мен ұстаздар бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, Сабыр Адайдың шығармашылығына ерекше тоқталды. Ел ағалары бұл бастаманы және кабинеттердің ашылуы жас ұрпақ үшін рухани тәрбие мектебі болатынын атап өтті.

Қорыта айтқанда, Сабыр Адай кабинеті – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа бағыт беретін рухани мұра ордасы. Мұндай рухани орта жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, елінің әдебиетін терең тануына ықпал етеді. Бұл тағылымды орын ұлттық сана мен мәдени мұраны сақтауға, сондай-ақ елжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қоса бермек. Сондықтан бұл кабинет — тәрбиелік мәні зор, рухани құндылығы жоғары игі бастама.

ПІКІР ЖАЗУ