Отбасы –бақыт мекені

Президент Қ.Тоқаев мемлекет — отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін  Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді.  Отбасы күніне орай Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебінде «Жарысқа шық, жанұя!» атты көңілді отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ өнер мен спортты ұштастыра отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру. Сайысқа мектебіміздің белсенді отбасылары қатысып, өз өнерлерін, ұйымшылдығы мен шапшаңдықтарын көрсетті:
Габдуллиндер отбасы (қазақ халық аспаптар бөлімі)
Абдуллиндер отбасы (эстрадалық вокал сыныбы)
Кылычтар отбасы (фортепиано сыныбы)
Нургалиевтер отбасы (көркем эстетикалық бөлім)
Ойын 8 кезеңнен тұрды:
«Таныстыру кезеңі», «Жылдам жеткіз», «Қаппен жарыс», «Қасықпен шарик», «Обречпен сайыс», «Скакалкамен жүгіру», «Арқан тартыс» сынды қызықты сайыстар көрерменнің көңілін көтеріп,
Іс-шара соңы музыкалық нөмірлермен жалғасты.
Бұл отбасылық сайыс – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, бірлікті, сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор мереке.

Отбасы күніне орай Астанада Otbasy Fest атты кең ауқымды фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шара «Жетісу» саябағында өтіп, оған қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.
Фестивальдің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жақындармен бірге уақыт өткізудің игі дәстүрін қалыптастыру. Мереке концерттік бағдарлама арқылы ашылды. Фестиваль жүздеген отбасын жинап, қонақтарға жарқын мерекелік атмосфера сыйлады. Бағдарлама аясында концерттер, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, балаларға арналған спорттық және шығармашылық сайыстар өтті. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесі, репродуктивті денсаулық және әке жауапкершілігі тақырыптары бойынша мамандардың дәрістері мен кеңестері ұсынылды.ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралардың ерекше маңызын атап өтті.«Фестиваль отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жас жұбайларды қолдауға және азаматтарды берік әрі бақытты отбасын құруға ықпал ететін жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз», – деді ол. «Otbasy Fest» отбасы институтын нығайту ісінде мемлекет, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам арасындағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болды. Фестиваль қатысушыларға ерекше әсер сыйлап қана қоймай, отбасы бірлігі мен жауапкершілігі секілді  құндылықтарды насихаттады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар отбасылық денсаулық пен тәрбиеге арналған сарапшылардың дәрістерін, ұлттық билер мен домбыра ойыны бойынша, йога және сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Ерекше қызығушылық тудырғандар арасында «Супер әкелер іс үстінде» байқауы, отбасылық брейн-ринг пен «Кішкентай ғажайыптар шеруі» атты арбалар парады болды. «Бұл мереке туралы бізге мектепте айтылды, қызым 4-сыныпта оқиды. Біз бірге қатысуды ұйғардық, қызым өте риза болды. Ал мен үшін ең бастысы – баланың қуанышы. Өйткені отбасы – біздің барымыз», – дейді қала тұрғыны Гауһар.

Балаларға аквагрим жасалып, ойын алаңдары ұйымдастырылды. Отбасылық мереке жүректер бейнелеген арт-перформанспен аяқталды. Бұл көрініс махаббат пен отбасы бірлігін білдіреді.
«Демалыс күнгі мереке керемет өтті. Барлық отбасы мүшелері бірге жиналып, уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік бар. Балалар риза, ал балалар риза болса – ата-ана да бақытты», – дейді Айнұр есімді Астана тұрғыны. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Otbasy Fest елордалықтар арасында жаңа дәстүр қалыптастыруы тиіс.

«Біз ең алдымен Отбасы күнін қуанышты күйде өткізуге болатынын көрсеткіміз келеді. Басты мақсатымыз – елордалық отбасылардың басын қосу дәстүрін қалыптастыру. Бұл үшін барлық жағдай жасалды. Бүгінгі күні бүкіл әулетімен – ата-әжелері, ата-аналары, балалары бірге келгендерді көріп отырмыз. Бұл бірліктің, жылылықтың ерекше атмосферасын тудырады, – деді «Senim Qogamy» ҚҚ директоры Юлия Смышляева.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.  Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.

 

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ