Найзағайдың жасынындай

6bet_f21Оның жырлары талай жасты поэзия әлеміне жетелеуде.
Жыр сүйер жастар, Бауыржан Үсеновтің есімін жақсы біледі. Тіпті, олардың кейбірі, ағасының өлеңін оқығанда жүрегінде от ойнап, қалай өлең жазып кеткенін байқамай қалғанын да жасырмайды. Яғни, Баукеңнің өлеңдері өзінен кейінгі іні-қарындастарының кеудесіндегі сәулеленген шабытына шуақ құйып, поэзия дариясына жол бастап келеді. Яғни Абай атамыз айтқандай «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ақын дей аламыз. Өйткені, оның соңынан өлең өлкесіне құлаш сермеген қаншама жастар еріп келеді.
Сондай жас өркен – Ринат Рақымжан. Ол – Жамбыл облысы, Қаратау қаласындағы Д. Қонаев атындағы мектептің оқушысы. «Мөлдір бұлақ» журналының белсенді оқырманы, жас тілшісі. Өлеңге қалам тербей бастағанын да білеміз. Ринат редакцияға жиі хат жолдайды. Кезекті хатына «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп…» деп тақырып қойған. Ашып, оқи бастадық, Бауыржан ағасы жайлы жазыпты.

Редакциядан.

ПІКІР ЖАЗУ