«Мөлдір бұлақ» журналының «Жас тілшілері»

«Қазақстан дәуірі» ЖШС-нің Бас директоры, ардақты Еланасы, аналар мен балалардың құқығын қорғаушы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы жұмыс бабымен Қазақстанның Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау секілді көп облыстарын аралап шықты. Билік пен халықтың арасында алтын көпір бола отырып, «Ауыл – ел бесігі», «Ел аманаты – ауыл» жобалары бойынша елді мекендерді, шаруа қожалықтарын, мектептерді көзден кешірді. Кездесулерге қатынасып ұлағатты тәлімін айтып, өзекті ойларын ортаға салды. Сол сапарда Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласындағы мектеп-лицейде болып ұстаздар және оқушылармен сыр-сұқбат жасады, таңдаулы шәкірттер мен озат оқушылардың талап тілектерін тыңдады. Бірнеше оқушыны «Мөлдір бұлақ» журналының «Жас тілшісі» етіп қабылдады.

Рауан Мұтайыр, арнайы «Мөлдір бұлақ» үшін

ПІКІР ЖАЗУ