«Мөлдір бұлақ» – іссапарда

Аудан орталығы Қалбатаудағы Абай атындағы көп салалы мектеп-гимназияда болғанымызда директор Нұрмади РАХИМБАЕВ жаңалықтар мен жетістіктерге толы мектеп өмірі жайлы құлағдар етті. Жақында Көкшетауда өткен оқушыларға арналған Роза Бағланова атындағы Халықаралық байқауға қатысып, 200-ден аса үміткердің ішінен топ жарып, І-орынды иеленген Қымбат ҚҰРБАНДЫ біз де құттықтап, алдағы уақыттарда да жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірдік.

ПІКІР ЖАЗУ