«Мөлдір бұлақ» бақыт мекені

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырған болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды. Бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған облыстардың ішінде Әулиеата өңірі бірінші болып «Президент үйін» оқушылар лагеріне айналдырып отыр.

Жамбылдық балдырғандардың игі-лігіне берілген орталықтың салтанат-ты ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.
Қонақтар алдымен орталықтың аллеясында әзірленген балалардың қол-өнер, сурет көрмелерімен танысты. Жиналған меймандар аллеяға қойылған жас қолөнершілердің үз-дік туындыларын үлкен қызығушылықпен әрі риза-шылықпен тамашалады. Өнерпаз ұл-қыздар қойған концерттік бағдарлама да кеш қонақтарына ерекше ұнады.


Салтанатты кеште алғаш-қы болып сөйлеген облыс әкімі балдырғандарды қуаныштарымен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде ел ертеңі – балаларға барынша көңіл бөлу, қолдау, жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
– Ел Президентінің «Әділетті Қа-зақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында облысымызда ауқымды жұмыстар ат-қарылуда. Бағдарламада республика бойынша «50 балалар сауықтыру лагерін құру» міндеті көзделген.


Осы орайда Мемлекет басшысы 5 өңірдегі резиденцияны балалардың игілігіне беруді тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында, міне, бүгін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталы-ғының ашылу салтанатына куә болып отырмыз.
Нысан – жыл бойы жұмыс жүргізетін аймақтағы алғашқы оқу-сауықтыру орталығы. Балалар бұл орталыққа жаз мезгілінде 12 күндік, басқа кезеңдерде 24 күндік сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл бастама – мемлекет тарапынан балалардың болашағы үшін жасаған қамқорлығы, – деді Нұржан Нұржігітов.


ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалар-дың құқықтарын қорғау комитеті төра-ғасының орынбасары Батырхан Жолдас та балалар мен олардың ата-аналары алдында сөз сөйледі. Ол бүгінде елімізде 200-ден астам бала сауықтыру лагері бар екенін, алайда олардың 17-сі ғана оқу-сауықтыру, яғни жыл бойы жұмыс істейтін орталық екенін айтты.
– Еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін он сегізінші лагерь Жамбыл жерінде, қарт Тараздың төрінде ашылып отыр. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің алдына екі міндет жүктеді. Оның алғашқысы – 2026 жылға дейін ел аумағында 50 сауықтыру орталығын құру. Екінші тапсырмасы – резиденцияларды балалардың игілігіне беру. Осы екі тапсырманы да тұңғыш рет ел аумағында Жамбыл өңірі жүзеге асырып отыр, – деді Батырхан Нұрланұлы.
Облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Ринат Нұрақбаев та ізгі лебізін жеткізді.


Ашылу салтанатына арналған концерттік бағдарламаның соңында «Мөлдір бұлақ» лагерінің туы көтерілді. Мұнан соң қонақтар жаңа нысанның құрылымымен танысты. Жалпы алаңы 10 гектарды құрайтын облыстық оқу-сауықтыру орталығында 5 жатын корпус, 2 бассейн, душ, монша, спорттық алаңдар, медпункт, әкімшілік корпус, үйірмелерге арналған ғимарат, коворкинг орталығы және гольф клубы бар. Мекемеде маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлер саны жалпы 20-ға жуық. Яғни мұнда 4 тәрбиеші, 7 тәлімгер, 3 медицина қызметкері, педагог-ұйымдастырушы, 2 денешынықтыру мұғалімі, аға тәлімгер және әдіскер қызмет етеді.


Мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықтарын шыңдау-мен қатар, волейбол, футбол, баскетбол сынды спорттық ойындарды ойнай алады. Сондай-ақ аталған мекемеде шахмат, тоғызқұмалақ және асық ату сынды ұлттық ойындарды дәріптеуге де ерекше көңіл бөлінген. Бұл – балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ерекше рөл атқармақ. Бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, бой сергітулері үшін мерекелік кештер, байқаулар мен экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Көп ұзамай «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына республикалық ақпарат құралдары ішінен алғашқы болып «Мөлдір бұлақ» балалар журналы ат басын бұрды. Басылым басшысы «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы орталық басшылығымен және ондағы демалып жатқан оқушылармен жүздесіп, дөңгелек үстел басында емен-жарқын әңгімелесті.


– Бүгінде біліммен қатар оқушылардың тәрбиесіне де, денсаулығына да көп көңіл бөлінген жөн. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп әл-Фараби бабамыз тегін айтпаса керек. Сол себепті осындай оқу-сауықтыру орталықтары, лагерьлер балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, тәрбиесімен қатар денсаулығының да нығаюына үлкен септігін тигізеді. Әсіресе, бүгінгінің «ауруына» айналған смартфон да балалардың жүйке жүйесіне, ойлау қабылетіне кері әсерін тигізіп жатыр, – деді С.Мешітбайқызы.


Өз кезегінде сөз сөйлеген оқушылар арасынан Даяна Оразбек есімді қордайлық оқушы да ардагер ұстаздың ойын іліп әкетті. Сол кездесуде Сәуле Мешітбайқызы мен орталық директорының міндетін атқарушы Салтанат Құрманова орталық пен балалар журналының арасындағы әріптестік байланысты қалыптастырып, нығайта түсу үшін алдағы уақытта екіжақты меморандумға қол қою туралы уағдаласты.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Жамбыл облысы

ПІКІР ЖАЗУ