Менің атам Ардагер!

 

Соғыс, соғыс!… Қандай суық сөз бұл?! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты.Ауылдан сән, өмірден мән кетіп сұрықсыз бір дүниеге айналды. Иә менде бір сол соғыста қанша ерлік көрсетіп,соғыс ызғарына жаурап,жаны тозып,жүрегіне сағыныш орнап,  сарғая күткен соғыс жылдарының ұрпағымын.Атам Серік оның әкесі Баяхмет атамның болған әңгімелері менің есімде мәңгілікке орын тапты.Менің атам Файзуллин Баяхмет Шөкелұлы 1914 жылы  туылып, 1987 жылы көз жұмды.Семей облысы,Ақсуат ауданы,Үш арал селолық Кеңесі аумағында дүниеге келген.Еңбек және соғыс ардагері. Ол 1930 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педогогика институтынын аяқтаған.Бүкіл өмірін жастар тәрбиесіне,ұстаздыққа арнаған.Ол 2 дәрежелі «Отан соғысы»орденімен,көптеген медальдармен марапатталыпты.Оқу ағартуы ісіне еңбегі сінген,ел ағасы атанған азамат бұл менің атам.Менің атам зеңбірекші болған екен.Атам Серіктің айтуы бойынша атам Баяхмет 25 жасында әскерге кетеді.Ол жақта 3 жыл әскери қызметін қалтқысыз атқарып жүргенде соғыс басталып кеткен екен.Менің мақтанышым, мен соғыс ардегерінің ұрпағымын. Атам соғыстан аман шығып, ары қарай бастауыш мектепте іс атқрады.Қаншалық бодау берсе де, ең қуаныштысы атам жеңіске жетті. Кеңестер одағы бойынша жеңістерін бірге тойлады.Ата уәде беремін, сіздін атынызды  әйгілі етемін.Айтпақтай мен атамның бесінші ұрпағымын.

***

Айтсам егер толғамды ой,

Қазақ батыр болған ғой.

Ұлан қайыр жері бар,

Айдын шалқар көлі бар,

Басына бақ қонған ғой.

 

 

Жарқыраған күні бар,

Мақпақ тыныш түні бар.

Қыздары Айдай көрікті,

Арыстан жүрек ұлы бар,

Қазақ деген осы елдің,

Мықтылығың біліп ал.

 

Қазақ деген батыр ел.

Қазақ деген ақын ел.

Тәуелсіздік ала алмай,

Тәуекелге бара алмай.

Бізден басқа қаншама?

Соры қайнап жатыр ел?!…

(соңы)

 

Серік Дания,

Алматй облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылы, №19 көпсалалы мектеп-гимназиясы 7 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі, Ержан Аққоян, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ПІКІР ЖАЗУ