Мектеп – жетістікке жетелейтін мүмкіндік

Желтоқсан айында өткен «Мөлдір бұлақ» журналы ұйымдастырған «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты республикалық шығармашылық байқауында жүлделі 3-орын алған Нұрислам Әлпеміштің мектебіне арнайы келдік.

 

Алматы қаласындағы Алатау ауданында орналасқан «№164 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы 1991 жылдан басталады. Ол кезде Алматы облысы, Іле ауданында №12 қазақ мектебі болып ашылыпты. 2000 жылы №164 қазақ орта мектебі болып Алматы қаласы Жетісу ауданының құрамына енген. 2007 жылы Алматы қаласында 7-ші аудан – Алатау ауданының ашылуына байланысты осы аудан құрамына енгізіліп, №164 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді.
2017 жылдан бастап Кусаинова Бахыткул Алтайқызы мектеп директоры ретінде жақсы істердің ұйытқысы болып, мектеп ұжымын басқарып, оқушыларды жетістіктерге бастап келеді.
Биылғы оқу жылында озат оқушылар саны – 153, екпінділер саны – 326. Үздік аттестат иегерлері – Алиева Ұлжан мен Қойшыбай Еркебұлан.
Мектеп ұжымының 2022-2023 оқу жылында І жарты-жылдықтағы көрсеткен нәтижелері төмендегідей:
9-11 сыныптардың республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары мектепте мол. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Серік Жанерке 3-орын иемденген. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Байатта. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Пазылбек Нұрсая 3-орын алған. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Мырзабаева. 11-сынып оқушысы Ибрагимова Мадина 3-орын алды. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Телагисова. Ағылшын тілі пәні бойынша 9-сынып оқушысы Ауғанбай Арман 3-орын иемденді. Жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Мустафина.
Құқық негіздері пәні бойынша 10-сынып оқушысы Серікқызы Аяулым 2-орын, 9-сынып оқушысы Диас Бекжасар 2-орынды жеңіп алған. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Д.Кузембаева. География пәні бойынша 10-сынып оқушысы Қомсабақ Нұрасыл 1-орын, 11-сынып оқушысы Нарымханова Жанна 3-орын алған. Жетекшісі география пәні мұғалімі А.Алтаева. Биология пәні бойынша 10-сынып оқушысы Орынәлі Ұлағат 2-орын алды. Жетекшісі биология пәні мұғалімі К.Оразбаева. Химия пәні бойынша 10-сынып оқушысы Кабирова Айдана 3-орын иеленді. Жетекшісі химия пәні мұғалімі М.Кинаятова.
2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша І дәрежелі диплом иегерлері 7 «А» сынып оқушылары Есенгелдіұлы Жанарыс, Сарқытбай Ернұр жақсы нәтижеге жетіпті. Жетекшілері тарих пәні мұғалімдері Д.Кузембаева, А.Сарина. «Туризм және спорт» секциясы бойынша 3 дәрежелі диплом иегерлері болған 3 «Б» сынып оқушысы Әлпеміш Нұрислам мен 4 «Б» сынып оқушысы Алмазқызы Інжудің аяқ алыстары қуантады. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Мыктыбаева, Ж.Қажи.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған «Дарын» жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық зерттеу жобаларының қалалық кезеңінің «Қазақ әдебиеті» секциясы бойынша ІІІ орын иегерлері 9 «Ә» сынып оқушылары Пазылбек Нұрсая мен Смаилова Анель мектептің бетке ұстар оқушылары қатарында. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Д. Қайыңбаева, Д. Бейқұтұлы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, балалар жылы аясында қала күніне арналған «Арман қала – Алматы» жас ақындар айтысының қалалық байқауының жүлделі II орын иегері, «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінде «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша ІІ орын иегері 8 «В» сынып оқушысы Молдахан Дидар талантымен таң қалдыруда. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.Құмарбек.


Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қала күніне орай ұйымдастырған «Алматы – әсем қала» атты қалалық эссе байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері 8 «В» сынып оқушысы Әлімбай Ақнұрдың шығармашылық жетістіктері мол. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д. Қайыңбаева.
«Абай әлемі» атты шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты жас ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанған 10 «А» сынып оқушысы Қадыр Дінисламның болашағынан көп үміт күтуге болады. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н. Құмарбек.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің ІІІ дәрежелі диплом иегері атанған 11 «А» сынып оқушысы Сүлейман Аяжан да мектеп мақтанышы. Жетекшілері жаратылыстану пәндері циклі мұғалімдері У.Алиева, М.Кинаятова, К.Оразбаева, А.Турсумбаеваның еңбегі зор.
ХХІ халықаралық «Осень в моем городе» атты балалар шығармашылық байқауына 6 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Әлия қатысып, жүлделі 3 орынға, Алматы қаласы Білім басқармасы «Қала саябақ. Бисер бонсай 2022» қалалық бисер қолөнері көрме байқауына 6 «А» сынып оқушысы Болат Кәусар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Р. Дюсебекова.


«Ұлы дала ұрпақтары» республикалық фестиваль көрмесінің шығармашылық байқауында бейнелеу өнері бойынша 9 «Г» сынып оқушысы Керімбек Ақбота жүлделі І орынға ие болды, «2022 – Балалар жылы» аясында Ақтөбе облыстық өнер мұражайы ұйымдастырған Республикалық «Өнер көкке жеткізер» атты көрмеге қатысып, 7 «Б» сынып оқушысы Тохтасунова Сұлуай дипломмен марапатталды. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Е. Бейспаев.
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдық мерейтойына орай «Ескірмейтін ерлік пен шығыстың ғасырлық дастаны» тақырыбындағы «Жауынгерлік парақ – Боевой листок» қалалық байқауына қатысып, 10 «Ә» сынып оқушысы Кусаинова Данара Алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Р.Сембаев.
Мектепте мемлекеттік жастар саясаты туралы заңда пайдалылатын негізгі ұғымға сүйене отырып, «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыс жасайды. Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары: спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз. Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін-өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланысты.
Жақында ұйымдастырылған ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен өткен кездесу мектептің жоғары деңгейде өткен іс-шараларының бірі болыпты. Кездесу барысында оқушылар ақынның жырларын оқыған. Келген қонаққа әдебиет, кітап оқу бойынша сұрақтарын қойыпты. Саят Қамшыгер кітаптарына қолтаңба қойып, оқушылармен естелікке суретке түскен екен, «Мөлдір бұлақ» балалар журналы жайлы мол ақпарат беріпті. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өткізген бұл кездесу оқырманның молаюына әсер еткенін мектеп директоры Бақыт Алтайқызы қуана айтты.
Жібек Құрашқызы

ПІКІР ЖАЗУ