Кекілбаев кезеңі

Қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне қарағанда әдебиетімен, тарихымен, рухани қазыналы бай-лығымен ерекше. Жазушының әрқайсының өзіндік бір рөлі бар, маңызы бар, айтары бар. Кім болса да, әдебиетте алатын орны бөлек. Сондай жазушылардың бірі болып табылатын Әбіш Кекілбаев азаматтық ұстанымы айқын, бүкіл шығармасында туған жеріне деген адалдық, шыққан тек пен тамырға үндеу тақырыбы лейтмотив ретінде қалыптасқан қаламгер.

Әбіш Кекілбаев өз еңбегінде халық әдет-ғұрптарына, ақсақалдар аңыздарына мықты сүйенген. Авторды ескі заман қызықтырады. Оның әңгімелері ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ұқыптылықпен беріліп келе жатқан «көне дәстүрлеріне», поэтикалық аңыздарға, халық ертегілеріне негізделген. Жазушының ізденімпаз ойы мен бай қиялы ғасырлар қойнауына сіңіп, ата-баба өмірін алыстан айшықтайды. Біздің алдымызға алып келіп жайып салады. Тақырып таңдаудағы талғамы, жанрға деген талап-тілегі, көркем мәтінге, тілге деген іңкәрлігі ала­бөтен. Алып Әбіштің экзистенциалистік сипаты басым, шығармаларындағы тұтастық пен ішкі үйлесім, мазмұн мен пішін, идея мен сюжет төрттағаны еріксіз мойын бұрғызады. Жазушының шынайы оқиғаға негізделген патриоттық бағыттағы, тарихтан ойып тұрып орын алған шығармалары мол.
Әбіш Кекілбаев талантты ғұлама қаламгер. Оның ерекшеліктері кез келген оқырманды ойға жетелейді. Бізге қойылған жұмбақ сияқты жауабын күтеді, біз үшін терең зерттеуді қажет ететін тұңғиық сырлы, телегей теңіз суреткер.

Ергенова Асель, Тилеуова Алина,
Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназия 10-сынып оқушылары
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абуталипова Асемгуль Багитбаевна

ПІКІР ЖАЗУ