«ЭССЕ ЖАЗУ» БАЙҚАУЫ

Құрметті жас достар!

Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы танымдық байқауын одан ары жалғастырады. Ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат алып келеді» деген ұлы қағидасына сүйене отырып, жастардың тәлім-тәрбиесін күшейту, ұлттық патриоттық сана-сезімдерін жоғарылату, тіл байлықтарын арттыра түсу мақсатында эссе жазу бағытында балалар әдебиетінің атасы Мұзафар Әлімбаев туралы «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен» деген тақырыпта эссе жазу байқауын өткіземіз.

 

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі 5-11 сынып оқушылары тегін қатыса алады. Қазақтануды түпкі қазық етіп, Ел тәуелсіздігін қорғау, мемлекеттің ірге тасын нығайта түсу, рухани қуаттылығымызды одан ары арттыру, аға буынды әспеттеу, олардың еңбектерін бағалау жолында күш біріктіруге шақырамыз.
Туғанына 100 жыл (29.10.1923 ж.) толып мемлекет бойынша аталып өткелі отырған ұлт ақыны, балалар әдебиетінің атасы, мақал-мәтел маршалы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев ұлт мақтанышына айналған алып тұлға. Ол әдебиеттің әр жанры бойынша ауқымды дүниелер жазған қаламгер. Әсіресе, балалар әдебиеті бағытында ұшан-теңіз мол қазына қалдырған ақын. Одан өзге қазақтың барлық мақал-мәтелдерін жинады, өзі жазған мыңдаған офоризмдері мақал-мәтелге айналып кеткен ойшыл. Әлем халықтарының он мыңға жуық мақал-мәтелдерін аударып айналымға түсірген. Қыруар сын-зерттеу және публистикалық мақалар жазған көсемсөзші. Екі жүзге жуық өлеңі әнге айналған қалам иесі. Жас ұрпақтың Мұзафар Әлімбаевтан алатын үлгісі мол, үйренетіні телегей-теңіз. Сарқылмайтын қазыналы мектеп қалыптастырған кемеңгер.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Байқау жылдағыдай эссе жазу формасында, мұзафартануға басымдылық беріліп, еркін форматта өтеді. Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылық бір қырын ала отырып ой өрбітеді. Оқушы ой жүгірту, көркем сөз қолдану, қисынды жазу шеберлігі жағынан сынға түседі.
Осы мамырдан бастап байқауға қатысатын оқушылар редакцияның электрондық почтасына жазған шығармасын жіберу керек. Соңына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын, мекенжайын, байланыс телефонын, жетекшісінің есімін толық жазады.
2023 жылы қараша айында іріктеу жүргізіледі. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында бәйгеден озып шыққандарды марапаттау рәсімі Алматыда өтеді. Жалпы төрт дәреже бойынша 15-ке жуық үздікке арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар беріледі. Жетекшілік еткен ұстаздары Құрмет грамоталарымен марапатталады.
Байқауға қатысатын кез-келген оқушы Қазпошта бөлімшесіне барып журналға он екі айға жазылуы (кемінде соңғы жарты жылдыққа жазылуы) тиіс. Жазылғаны туралы түбіртегін бізге қосып жолдайды.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

Байқауға қатысу үшін оқушылар кітап оқиды, дербес пікір жүргізеді, ақын өмірі мен шығармашылығын барынша көрсетуіне мүмкіндік туады. Осылайша оқушының қабілеті мен тіл байлығы сарапталады. Мұзафартануға бір қадам жасайды.
Ұстаздарының нұсқауымен М.Әлімбаев шығармаларын оқу арқылы көркем, деректі, тәлім-тәрбиелік, этнографиялық, салт-дәстүрлік, шешендік қазақы мінезге байланысты білім үйреніп дайындалады. Байқаудың аты айтып тұрғандай, қаламгер Мұзафар Әлімбаев арқылы оқушылар балалар әдебиетін таниды. Осылайша қазақ тілі мен ұлттық болмыстың шәкірт санасына сіңуіне назар аударылып, көзқарасы мен ұстанымы бағаланады.
Байланыс телефоны: 87073754041,
электроды почта: moldir_bulak@mail.ru
«Мөлдір бұлаққа» жазылу жыл бойы жалғасады. Әр айдың 20-на дейін өзің тұратын мекенжайға жақын «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелеріне барып жазыласың. Келесі айдан бастап журнал қолыңа тиеді.

ИНДЕКС: 75937

Алматы қаласы бойынша жазылу бағасы:
1 айға – 298,14 тг
6 айға – 1788,84 тг
12 айға – 3577,68 тг

Облыстар, қалалар, аудандар,
ауылдар бойынша жазылу бағасы:
1 айға – 302,44 тг
6 айға – 1814,64 тг
12 айға – 3629,28 тг

ПІКІР ЖАЗУ