Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл

Қажымұқан Мұңайтпасұлы – әлемдік аренаны бағындырған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 50-ден астам елде өнер көрсетіп, Иван Поддубный, Георг Гаккеншмидт сияқты әйгілі балуандармен белдесіп, талай додада жеңіске жеткен.

Ол француз күресінен әлем чемпионы атанып, өмірінің 55 жылын спортқа арнаған. Қажымұқан тек күш иесі емес, ел намысын қорғаған, қайсар рухымен халық жадында қалған ұлы тұлға.

ПІКІР ЖАЗУ