Ел рәміздері

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы 4 маусымда жас мемлекетіміздің жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында, ұлт жадында Мемлекетіміздің мызғымас нышандары ретінде сақталады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бірлігі мен тұтастығының бейнесі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн жарқын істеріміз бен жасампаздықтың шұғылалы көрінісі. Мемлекеттік рәміздер өткен ғасырлардан сыр шертетін, тарихымыздан тағылым алатын шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары өткенімізді айшықтап, бүгінімізді саралап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.
Осынау мереке қарсаңында Аудандық орталық балалар кітапхананың «Ел рәміздері еркіндік нышаны» атты тақырыпта ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға шолу жасалды. Көрмеде Е.Ш. Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері. Тәуелсіздік нышандары» атты үш тілде шыққан фото кітабы, Е.Ш.Шаймерденовтың » Елтаным», А. Ахметбекұлының » Көк тудың желбірегені», Е.Ш.Шаймерденовтың «Қазақстан республикасының тәуелсіздік рәміздері» атты үш тілдегі жазылған кітаптары мен өзге де ақын — жазушылардың еліміздің рухын асқақтататын шығармалары қойылды. Бұл көрме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы жан — жақты пайымдау арқылы көпшіліктің бойында Мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға деген сүйіспеншілік пен Отанға деген шынайы сезімді, елжандылықты танытады. Аталмыш көрме көпшілік оқырманға арналады. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік рух — барлығы сайып келгенде Отанға деген рухани құндылықтардың өзегі.

Мусабаева Зарина Амантаевна,
Амангелді аудандық орталық
Балалар кітапханасының

ПІКІР ЖАЗУ