Бөлмеге пайдалы төрт өсімдік
Әрбір үйдің көркін асырып, құлпыртып тұратын заттардың бірі –гүл. Әйел адам отбасына қандай жылулық пен бақыт әкелсе, гүл де солай үйге керемет жұпар иіс, ерекше сұлулық сыйлап, ауаны тазартады. Бірақ, бөлмеге қоятын өсімдікті дұрыс таңдау өте маңызды. Себебі, кей өсімдік адам ағзасына, көңіл күйіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал, ендеше, бөлмеге қандай өсімдіктерді қойған дұрыс?
Бөлме гүлдерінің ішіндегі ең танымалдырының бірі герань (қазтамақ). Гректің «ләйлек, тырна» деген сөзінен шыққан аса жоғары күтімді қажет етпейтін гүл. Стресс пен депрессияның белгілерін жеңілдету үшін гүлдің жапырағын қолдарыңызға ысқылап, оның иісімен терең дем алу керек. Ол тез қуаттайды, тітіркенуді басады және денені босаңсытады. Бұл гүлдің майы өте қуатты табиғи репелент болып саналады. Ұйқыны жақсартып, адамға ерекше күш қуат береді. Қазтамақ бар үйде маса, шыбын және т.б. жәндіктерді кездестірмейсіздер. Оның хош иісінде қабынуға және микробқа қарсы қасиеттері бар. Герань үйдегі махаббат пен үйлесімдікті қорғайды. Сол себепті оны жатын бөлмеге қойған дұрыс.
«Әйел бақыты» деген атпен танымал болған Спатифиллум гүлі. Бұл гүлді көбіне әйелдерге немесе тұрмыс құрмаған қыздарға сыйлайды. Бұл гүл көмірқышқыл газын, бензолды, формальдегидті, түрлі токсиндерді, ацетон, аммиак буын және т.б. газдарды сіңіріп, ауаны тазартады. Егер де бөлмеңізге осындай гүлдерді қойсаңыз, сіз өзіңіздің тыныс алу жолдарының жақсарғанын байқайсыз. Өзінің ерекше «әйел бақыты» деген атының шығу тарихы да өзгеше. Аңыз бойынша ежелде Астрата «құдайы» өзінің тойына жүрек пішіндес махаббат сыйлайтын гүлмен шығады. Сол сәтте жүрекке ұқсайтын гүлді тұрмыс құрмаған қызға беріп, «Егер де бұл Спатифиллиум гүліне жақсы күтім жасасаң, ол саған өз теңінді табуға көмек береді» дейді. Осы оқиғадан соң қыз тұрмысқа шығып бақытты өмір сүреді. Спатифиллиум гүлі жайлы бірнеше ырымдар бар. Мысалы, Спатифиллиум гүлі балалы бола алмай жүрген отбасыларға балалы болуына көмегі тиіп, қыздарға күйеуге шығуына әсер етеді, үйге бақыт әкеледі. Және де бұл гүлді ақша шақыратын гүл деп те санайды. Егер де, әйел бақытын басқа құмыраға алмастыратын болсаңыз құмыраның түбіне теңге салып үстін топырақпен жауып тастаңыз. Ол ақша шақыруға үлкен көмек береді деп саналады. Әсерін күшейту үшін жапырағына жасыл түсті жіппен кілтті тілек тілеп іліп қою керек. Гүлденген кезде жасыл жіпті қызыл түсті жіпке алмастыру керек. Егер де, сіздің үйіңізде Спатифиллиум болып, осындай ырымды білмесеңіз, құмыраның астына теңгені қойсаңыз болады. Бірақ бұл ырымды өсімдік гүлденбей тұрған кезде жасау керек.
Сиқырлы қасиеттерімен ерекшеленетін Антириум көбіне «ер бақыты» деген атпен танымал болып келеді. Бұл гүл ауадағы микробтардың жалпы санын 70% азайтуға, сонымен қатар оны аммиактардан, толуолдардан тазартуға және формальдегид мөлшерін 7,3% төмендетуге қабілетті. Сондай-ақ, антуриум ауаны керемет ылғалдандырады, адамның көңіл-күйін жақсартып, шаршауды жеңілдетіп, ауыр күннен кейін тез қалыпқа келуге улкен көмек береді. Антуриум көптеген сиқырлы қасиеттерге ие, жүрек-тамыр жүйесін жақсартады, ер азаматтың жаман қасиеттерінен арылтады (мысалы, темекі, ішімдік), ақыл-ойын жақсартады, биік шыңдарды бағындыруға көмек береді, материалдық жағдайды жақсартады, ақымақ істерді жасауға жол бермейді, үйге бақыт әкеледі. Осындай ықпал жасайтын ерекшеліктерге бай. Антириум жайлы бір ерекше ырым бар: осы гүлге жақсы күтім жасап жүрген әйел әрдайым өзінің жарымен бақытты болады. Егер де антириумның қасында cпатифиллиум болса ерлі-зайыптылардың арасында қарым-қатынас жақсарып, сүйіспеншілікті арттырады. Осы екі гүл бірге түрса олар үйге: бейбітшілік пен тыныштық, түсіністік, махаббат, мейірім, материалдық әл-ауқат, бақыт әкеледі делінеді. Сондықтан да бұл екі гүлді бірге ұстаған өте тиімді.
Өзінің шипалық қасиетімен танымал Алоэ өсімдігі. Алоэ ежелден бері көптеген ауруға шипа болған Шығыс Африка өсімдігі. Аңызға сенсек, Александр Македонский Сокорт аралын өзінің ауыр жарақаттанған жауынгерлеріне керек болған Алоэ өсімдігі үшін ғана жаулап алған. Тіпті Клеопатраның өзі күнделікті Алоэның суын қолданған. Алоэ үйдегі дәрі қорабы десек те болады және бұл өсімдікті жастық пен сұлулықты сақтай алатын косметика ретінде де қолданады. Алоэда A, B1, , В2, В3, В6, В9, B12, С және Е дәрумендері (витаминдері), темір, калий, кальций, магний, марганец, медь, натрий, фосфор, фтор, хлор, цинк, хром және т.б. минералдар бар. Бұл өсімдік үйде ұстауға өте тиімді. Себебі Алоэ адам ағзасына пайдалы өсімдік. Мысалы, ол имунитетті кушейтеді, сырқауды, гастиритті, яваны, диареяны, іш қатуды емдейді, бас аурынан арылуға көмек береді, ас қорытуды жақсартады, ағзадан токсиндерді шығарады. Бұл шипалы өсімдікті бет күтіміне де жиі қолданады.
Дайындаған: Арай Нуртазина