Біздің сынып

Мен үшін алтын ұя мектебім – балалық шағымның балғын уақыты болып есімде қалады. Аз уақытта білімен сусындатқан мектебімізбен де қоштасамыз. Сол себепті де сыныптастарым туралы жазуды жөн көрдім. Сыныпта 19 оқушымыз. Сұлу да, сымбатты 8 қыз және 11 батыр жігіт. Сынып жетекшіміз, білікті ұстаз Қуаныш Сансызбайқызы.

Қуаныш апаймен екінші анамыз секілді сырласамыз. Біз өзіміздің Қуаныш апайды мақтан тұтып, әрқашанда сыйлап, рақмет айтамыз! Біздің сыныпта мерекелерге байланысты әр түрлі іс-шаралар болып түрады.
Мектепте бір-бірімізді ренжітпеуге тырысамыз, кез келген уақытта көмектесуге дайынбыз. Мен сыныптастарымды жақын дос ретінде қабылдаймын. Сабақтан бос уақытымызда далада серуендеуді және кинотеатрға баруды ұнатамыз. Демалыс орындарына барып, уақытты тиімді пайдаланғанды жөн көреміз. Мен өз сыныбымды мақтан тұтамын.

Аида Жұмахан, Алматы
облысы, Қарасай ауданы,
Береке орта мектебінің
7 сынып оқушысы

Сынып жетекшісі:
Қуаныш Сансызбайқызы

ПІКІР ЖАЗУ