Бейнелеу өнері — жүректің өнері

Сурет салу — баланы заттың пішінін дұрыс аңғаруға, түстерді ажыратуға үйретеді. Көріп, есте сақтауын, көзбен өлшеу қабілетін, бақылау дағдысын дамытады. Әсемдікті сезіне білу арқылы өзінің шығармашылығынан ләззат ала отырып, қоршаған ортаны тереңірек ұғынады. Қазақ сурет өнері дегенде ең алғаш бейнелеу өнерінің көш басындағы дарынды тұлға Әбілхан Қастеев еске түседі. Әбілхан Қастеев – Қазақстандағы Суретшілер одағының негізін қалаушылардың бірі. Ол сонау жиырмасыншы, отызыншы жылдарда-ақ халықтың тіршілігін ғана бейнелемей, ел тұрмысына қанығып, ішкі жан дүниесінің дірілін, мінезін, хал-күйін, демін кенеп бетіне түсіре білді.
Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубы 1983 жылы құрылды. Елордада бірнеше филиалы бар жалғыз мемлекеттік көркемсурет мектебі болып табылады. «Елорданың үздік қосымша білім беру ұйымы» қалалық байқауының марапатына екі рет ие болды.
Сабақтарды жоғары көркем және сәулет білімі бар құзыретті педагогтер жүргізеді. Оқытушылар құрамына ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Халықаралық педагог-суретшілер одағының мүшелері кіреді.

Мектеп жұмысының маңызды бағыты таяу және алыс шетелдердегі әріптестермен серіктестік орнату және дамыту болып табылады. Бұл мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін іске асыруға және көтермелеуге мүмкіндік береді.
Мектептің білім беру бағдарламасының толық курсын өту бейіні бойынша атақты ЖОО-ға түсуге дайындайды. Біздің түлектеріміз әлемнің көптеген елдерінің беделді оқу орындарында көркемөнер білімін жалғастыруда.

2024 жылғы 28 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубында «Композиция тәсілдерін оқыту бойынша практикалық ұсынымдар» қалалық педагог-суретшілерге арналған семинар-практикум өткізілді. Суретшілер Одағының мүшесі, көркемсурет мектебінің педагогы Г. А. Асқарова «Аралас техникадағы Сәндік композиция» тақырыбында дәріс өткізді. Халықаралық педагог-суретшілер одағының мүшесі Р.М.Бадриденова мозаикадағы композиция туралы, ҚР этно-дизайнерлер Одағының мүшесі А. Ахметова сәндік-қолданбалы өнердегі композиция туралы практикалық ұсыныстар берді. Халықаралық педагог-суретшілер одағының мүшесі педагог Д. Т. Камалова оқушылармен иллюстрация жасаудағы композиция техникасындағы тәжірибесімен бөлісті, А.Б. Ронковская композициядағы Эскиздердің поливариативтілігін жасаудағы тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық педагог-суретшілер одағының мүшесі, БКМ педагогы А. Ж. Смағұлов сәндік мүсін техникасында жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.

2023 жылғы Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп «Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу» тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары ТДМ енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, үздік тәжірибелерімен таныстырды, ал семинардың практикалық бөлімі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық педагогтың осы бағыттағы дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар бұл іс-шара 2030 жылға дейінгі ТДМ бойынша іс-қимылдардың жаһандық бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бастапқы міндеттемелерді қабылдауының бастапқы нүктесі болатынына және Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту бойынша қалыптастырылатын жол картасының негізі болатынына сенімді. Суретші – барлық әдемілікті көре білетін әрі оны жеткізе алатын адам. Атақты Пабло Пикассо «Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф па, айна ма, әлде суретші ме?» деген сұрақ тастаған екен. Бұл сұраққа жауап бергендердің көпшілігі суретшіге тоқтаған. Себебі олар адамды ғана емес, ұлы табиғаттың өзін жүрек түкпірінде сақтап қала алады. Фотограф пен айна адамның тек сыртын көрсе, суретші адамның ішін де көре алады. Әлемнің көркем бейнесін, атмосферасын сақтау өте маңызды. Қазіргі технологиялар мен техникалар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтіріп жатқандықтан, өзімізді танып-білуге, жан-жағымызды бағалауға, қоршаған ортамызды аялауға жасалып жатқан керемет дүние.

Бейнелеу өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ол адам баласына заттық дүниені тану үшін әрі осы қоғамдағы алар орнын білуге қажет болғандықтан туындады.  Бейнелеу өнерімен жүйелі әрі үздіксіз айналысу — бейнелеу мәдениетінің ұлттық дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ табиғатты аялауға үйрете отырып, балалардың суретшілік талғамын дамытады.
Шығармашылық қабілет өзінен-өзі оянбайды, ол тәрбие мен білім берудің әсерінен дамиды. Бала суретшілік кәсіпті таңдамаса да, жасынан шығармашылық шабыттың қуанышын сезінеді. Өткен заман мұғалімдерінің де, қазірігі ұстаздардың да ойы осы арнада тоғысады.
Бейнелеу өнері сабақтары — баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді құралдардың бірі. Әр сабақ сайын бала әсемдікті сезінуге үйренеді. Сурет салғанда бала қоршаған ортаның сұлулығы мен ғажайыптарына ерекше ықыласпен қарайды. Оның сеніміне кірбің түсірмейік! Баланы әсемдікке, мейірімділікке, бақытқа, қуанышқа, шығармашылыққа апарар дұрыс жолға түсірейік! Олар өз жүректерінің құпиясын қорықпай ашсын.

Астанада қазіргі уақытта 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы, 158 филиал, 10 Community орталығы, оның ішінде 2 Оқушылар сарайы, балаларға арналған 3 музыкалық мектеп, 2 өнер мектебі, балаларға арналған 1 көркемсурет мектебі, 1 техникалық шығармашылық орталығы, «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы жұмыс істейді.  Мемлекет басшысы өзінің Жолдаулары мен тапсырмаларында елдегі адами капиталды дамыту қажеттілігіне үнемі назар аударады, бұл өз кезегінде білім беру жүйесін, оның ішінде қосымша білім беру жүйесін жан-жақты дамытуды көздейді. Елордада жеңілдетілген және тегін негізде үйірмелер мен секцияларға халықтың әлеуметтік осал топтарынан 24 мыңнан астам бала, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мақсатында Оқушылар сарайында робототехника, вокал, бейнелеу өнері, каратэ, математика, жүзу, ерте музыкалық даму, домбыра, 200-ден астам баланы қамтитын театр сияқты бағыттар бойынша «AIALA» әлеуметтік жобасы жұмыс істейді. Қосымша білім берудің маңызды көрсеткіштерінің бірі – балаларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға жұмылдыру. Мәдениет басқармасымен бірлесіп «Балалар және театр» жобасы іске асырылуда. Балалар театрларға тегін барады.  Астананың жалпы білім беретін 40 мектебінде 10 мыңнан астам баланы қамтитын ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату), ұлттық өнер (ұлттық аспаптар – домбыра және дәстүрлі әндер, қазақтың ұлттық би түрлері, қазақ әндері) бойынша «ALTYN URPAQ» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ мектептерде «Оқушының мәдени нормативі» жобасы, «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы ашылды. Бұл жоба 86 500-ден астам баланы қамтитын 42 мектепте іске асырылды. Мектептерде «Алтын домбыра» жобасы енгізілді, оның аясында 64 домбыра үйірмесі жұмыс істейді. «Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 38 269 білім алушыны қамтитын 92 пікірталас клубы құрылды. Жалпы саны 557 мектеп турнирі өткізілді. Күн сайын мектептер арасында турнирлер саны артып келеді, басқа қалаларда – 42, оған Астана қаласының жастары қатысты. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында 2022-2023 оқу жылынан бастап жедел штаб жұмыс істейді, оның қызметі толығымен өскелең ұрпақты дамытуға, тәрбиелеуге және тұлғалық жолды қалыптастыруға бағытталған. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында балалардың IT саласындағы қызығушылығына, оларды осы бағытқа жұмылдыруға баса назар аударылады. Сонымен, 100 орындық Sana креативті білім беру орталығының жұмысы жүзеге асырылды, ол 3 алаңнан тұрады: робототехника кабинеті, «Makerspace» STEM кабинеті және «IT Lab» бағдарламалау алаңы. Қазір орталықта 2450 бала оқиды.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

ПІКІР ЖАЗУ