ӘЖЕГЕ САҒЫНЫШ

Менің жасым он бірде. Есімім Кәусар. Мен үйдің үшіншісімін. Екі ағам, бір сіңілім, бір інім бар. Отбасымызда жеті адам тұрамыз. Менің атам мен әжем ылғи ақылы мен батасын беріп отырады. Байқауға қатысатын кезде атам мен әжем қолдау білдіріп, қасымнан табылатын. Бір күні мектепте өткен «Көктем аруы», «Күз аруы», «Шырқа, балапан!» конкурстарына қатысып барлығынан бас жүлдені жеңіп алдым. Аталмыш байқаулардың бәрін тамашалауға әжем барды. Мен сондай қуандым. Тіпті бар ықласыммен орындап шықтым. Тешебай атам мен Гүлбала әжем қуанып, көрші-қолаң, ағайын-туыс, бауырларды шақырып үлкен дастархан жайды. Барлығы құттықтап қуанышыммен бөлісті.
Өкініштісі, қазір әжем келмеске кетті. Суық хабарды естігенде біреу төбемнен мұзды су құйғандай болдым. Қайғырып қатты жыладым. Әжемнің өмірден өткені мен үшін орны толмастай болды. Еркелеткен әрбір сөзі құлағымда. Өсиеттерін жадыма әррдайым сақтап жүремін. Естелікке суретке көп түсуші едім. Барын маған таситын. Шашымды өріп, «сабаққа барғанда қарның ашып қалмасын» — деп, сөмкеме тәтті дәмділерін салып жіберетін. Өте мейірімді жан болатын. Енді әжемнің суреттерін көрсем, көзімнен еріксіз жас моншақтайды. Сағынып жүрмін, қайта-қайта еске аламын. Сөзімнің түйінін бір шумақ өлеңмен жеткізгім келеді.
Әжетайым сағынамын өзіңді,
Жасқа малдым ешкімге айтпай көзімді.
Сіздің берген тәрбиеңіздің арқасы,
Сабырлы да боламын мен төзімді.

Тешебай Кәусар Ғалымбекқызы, Түркістан облысы,
Ордабасы ауданы, Ықыластемір елді мекені,
М.Х. Дулати атындағы жалпы орта мектебінің
5-сынып оқушысы.

ПІКІР ЖАЗУ