Асықпаған асыл сөз табар

muzafar2Міне, шырақтарым, сендердің редакцияға жолдаған өлеңдерің менің хат қоржыныма келіп түсті. Әр өлеңді мағынасына, тақырыбына қарай оқып шықтым. Өлеңге қалам тартқандардарың өте орынды. Бірақ, бір-екі өлеңмен ақын бола алмайсың, ақын болу дегеніміз, бүкіл жандүниең бұлбұлдай сайрап, жүрегің сезімтал, тілің өткір, ойың тапқыр болу керек.
Балалардың ең көп қалам тербейтіні: Ана мен әке тақырыбы. Ж.Думанқызы (ШҚО), Е.Байманова (Ақтөбе облысы), А.Лесовская (Алматы облысы), Т. Бақбергенова, Л.Арыстан Ж.Өтебаева, (Жамбыл облысы), Д.Төреевалардың (Алматы қаласы) аналарына Алла қуат бергей. Н.Кенжетаев (БҚО), Н.Насихатова (Атырау облысы), Ж.Есенбаева (Қостанай облысы), Ә.Қоғабаева, А.Аралбек, Ж.Сапарбаева (Тараз қаласы), Жәния мен Мәнсия Жаңабай (Қызылорда облысы), Н.Түзелбаева (ОҚО), А.Байжанова (Қарағанды облысы), әлі де іздене түссін. Ал, балалар келесі өлеңдеріңді журналға жария-лаймыз деп күтемін.
Мұзафар ӘЛІМБАЙ,
ақын, Халық жазушысы.

ПІКІР ЖАЗУ