Айна

Айнаның тарихына көз жүгіртсек, бірінші айналар жалпақ тастан және жалпақ темірден дайындалған екен. Оның бетін жылтырағанға дейін тегістеп тазалаған. Мұндай айналарды қалтаға салып, ұстап жүруге ыңғайлы болған. 1278 жылы шыны шыға бастаған соң, жаңа айналарды шыны әйнектен жасайтын болды. Бірақ ол айналар қазіргі айналар сияқты тегіс болмаған. Оның себебі, ерітілген қалайы әйнек шарға құйылатын болған. Содан пайда болған жалпақ қабаттан өздерін көре алған. ХVІ ғасырдың басында Венецияда алғашқы жалпақ әйнектер шығарылған. Ол өте құнды бағада таратылған екен. Ресей халықтары айнаны үйде ұзақ уақыт ұстауды күнә деп есептеген. І Петр кезінде айнаға деген ондай көзқарас өзгерген. Содан бері айна шығаратын фабрикалар пайда бола бастаған.

ПІКІР ЖАЗУ