Біздің сынып осындай

11bet_f32Біздің сынып мектепте өтіп жатқан іс-шаралардың бәріне белсене қатысады. Мұхит Сәния, Рахымжан Қымбат, Зай-дулла Ақниет 2006-2007 оқу жылының мектепішілік олимпиада жеңімпаздары болса, биылғы мектепішілік «Ақбота» интеллектуалдық марафонында Нұрхаш Әлішер, Жұма Арайлым, Самал Ермекбай 1-орынды иеленсе, Зайдулла Ақниет 2-орынды, Садуақас Айдана, Ескендір Айдана 3-орынды қанжығаға байлап, сыныптың абыройын асқақтатып жіберді. Рахымжан Қымбат спорттың бел ортасында жүреді. Жеті жасынан облыстық жекелей шахмет турнирінен 1-орынды иеленіп жүрген Қымбатымыз бірнеше дүркін республикалық жарыстарға барып, олжалы қайтып жүр. Сынып жетекшіміз  Әсемкүл Мырзабайқызы – бастауыш пән мұғалімі. Бізге әрдайым ұлттық салт-дәстүрді үйретіп отырады. Тәрбие сағаттарының барлығы интер-активті тақтамен безендіріліп, біздерге қызықты да тартымды болып өтеді. Былтырғы оқу жылында сынып оқушылары «Балдәурен», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ұлан» атты басылымдарға жазылды.               Т.Жүргенов атындағы № 136 мектептің 3 “Б” сынып оқушылары.  Қызылорда қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ