Қыс

Қыс мезгілі де келіп жетті. Қыста барлық жер әппақ мамық қарға оранып, меруерттей  жарқырап жатады. Қыста боран бұрқырап, аяз беті-қолыңды шымшып қызартады.

Балалар қыста шанамен сырғанап беттері домбыға, қолдары суықтан қатқанша ойнайды.

Қыс мезгілінде асыға күткен жаңа жыл мерекесі болады.  Жаңа жылда әр үйде шыршалар безендіріледі. Шыршаға жұлдызшалар, жалаушалар, ойыншықтар іледі. Шырша жарқырап жайнап кетеді. Бұл мерекеде адамдар бір-бірін құттықтап, аяз ата балаларға сыйлық үлестіреді. Қыс мезгілі суық болғанымен, мен үшін өте көңілді мезгіл.

 

Ілесбек Назерке Асылбекқызы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы

№44 жалпы орта білім беретін

мектеп-гимназиясының 

3 «Б» сынып оқушысы 

ПІКІР ЖАЗУ