Менің сыныбым

Біздің сыныпта 25 оқушы оқимыз. Сыныптағы оқушылар өте мейірімді және ұйымшылмыз. Бір-бірімізді ренжітпей, тату жүреміз. Сыныпта үй тапсырмасын орындауда қиындықтар болып жатса әрқашан көмекке дайынбыз. Сынып жетекшіміз  Гүлжазира  Ізтелеуқызы өте тамаша ұстаз.  Бізді өз баласындай көріп, әр оқушының бабын тауып, санамызға білім нәрін құюда. Үнемі бізге  сынып – екінші жанұяларың, сондықтан тату, ұйымшыл болыңдар деп ақылын айтып отырады. Гүлжазира апай бізді оқуға құштар болуға шақырады. Біз кітап оқығанды ұнатамыз және оқудан жарысамыз. Біз биыл сынып болып «Мөлдір бұлақ» журналына жазылдық.

                                                                       Жазыбек Медина Әбдіғаппарқызы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті № 30  ЖББМ-нің 2 «Б» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ