Хат кешігіп келді

makataevҚызылорда облысындағы оқырмандарымыздан келген хаттың барлығы дерлік, мектептерінде ақиық ақын аталары Мұқағалидың туған күніне арналған кеш өткендіктерін хабарлайды. Өкінішке орай, хаттар кешігіп келді. Неге десеңіздер, басылым баспаханаға бір ай ерте дайындалып, тапсырылады. Мәселен, ақпан айында өткізілген шаралар жайында жазылған хаттар редакциямызға наурыз айында келді. Соған қарамастан Қазалы ауданы, №94 орта мектеп оқушысы Мәнсия Жаңабайдың өлеңін жариялап отырмыз.

Мұқағалиға арнау
Мұқағали – рухты елдің ұлысың,
Тәрк ететін дүниені жыр үшін.
Өр тұлғалы асқақтатып тұратын,
Ұрпағыңның жүректегі туысың.
Түп тамыры Қарасаздан нәр алған,
Поэзиямен егіз болып жаралған.
Құйын-дауыл жырларыңды жолдадың,
Медет тілеп Райымбектей бабаңнан.
Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,
Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.
Арманым болмас еді бұл өмірде,
Сіз секілді кіре алсам жыр бағына. 
Мәнсия ЖАҢАБАЙ,
Қазалы ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ