Жыр тербетті мектепті

12bet_f4Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова апамыздың 70 жылдық мерейтойы мектепте жалғасын тапқандығын оқырмандарымыз хабарлайды.  Шардара қаласындағы А.Иманов атындағы мектепте, Гүлсара Тағдырова дәрісін ақын қызға арнады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 45 минөттік дәрісінде оқушылар Фариза апамыздың ғана емес, оның құрдастары Асқар Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Қоғабай Сәрсекеевтей ақын-жазушылармен етене танысты. Олардың поэзия әлімендегі Фариза апамызбен достығы, шығармашылық өмірлері жайлы мағлұмат алды. Сабақтың маңыздылығы сол, оқушылар қорытынды өлеңдерін оқыды.  Сабаққа қатысқан ата-аналар, ұстаз қауымы мен мектеп директоры Н.Ибрайым, балалар шығармашылығына тәнті болды.  А. ЫНТЫҚБАЕВА, ұстаз. ОҚО.

ПІКІР ЖАЗУ