«Ұлттық валюта – теңге» атты патриоттық сағат
1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді.
Содан бері бұл күн ресми Ұлттық валюта күні болып саналады. 1993 жылдың 18 қарашасынан
бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды.
Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі – ұлттық валюта. Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс.
Осыған орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Ұлттық валюта – теңге» атты тақырыппен патриоттық сағат өткізілді. Іс-шарада кітапханашы ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмірбаянымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтірді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы ұлттық валютамыз – теңге жайлы жазылған кітаптармен таныстырып, балаларға арналған қаржылық викториналық сұрақтар, сөзжұмбақтар қойылып, нақыл сөздер айтылды. Оқушылар көптеген деректерге қанық болды.
15 қараша ұлттық валюта – теңге күні баршаңызға құтты болсын! Іс-шараға қатысқан Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Түсіпбекова Айнұр Ахметбекқызы және 7 сынып оқушылары қатынасты.
Айнұр Теміржанқызы, Қостанай облысы,
Амангелді ауданы,
Амантоғай ауылдық кітапханашысы