Отбасы — бақыт мекені

Қоғамдағы отбасының беделін арттыру мақсатында жыл сайын Астанада Отбасы күнінде мемлекеттің саяси қайраткерлерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар өткізіледі, концерттер, көрмелер, дәрістер, семинарлар, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Ел Президентi мемлекет — отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi.

2024 жылғы 4 қыркүйек күні Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар-тренингі өткізілді. Отбасы – өнегенің өзі, тәрбиенің көзі. Шараның мақсаты — жас отбасылардың дәстүрлі отбасылық институтын насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту, баланы жоспарлау және тәрбиелеу. Семинар-тренингке мектеп-гимназия директоры Л. Сарсембекова, қоғам қайраткері, тіл жанашыры О. Асанғазы, білікті психолог мамандар қатысып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Отбасы құндылықтарын дәріптеуде өткізілген іс-шараның маңыздылығы ерекше, бұл туралы семинар тренинге қатысуға келген жас отбасылары, мектеп ата-аналары атап өтті.
2013 жылы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіліп, «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленіп, 8 қыркүйекте алғаш рет аталып өтті және сол жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланды.
Айта кетсек, әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия «Отбасы күні» мерекесін бекіту туралы ұсынысын 2009 жылы білдірген екен.
Биыл да осы айдың екінші жексенбісі дәл 8 қыркүйекке тұспа-тұс келіп, айтулы мереке бүгін тойланып жатыр. Және биыл елімізде Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Отбасы күнін» мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы жасалып, қыркүйектің 2-8 күндері аралығында тәлім-тәрбиелік маңызы бар түрлі іс-шаралар кешені өткізілді.

 

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі

2024 жылдың 12 қыркүйек күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челледж ұйымдастырылды. Отбасы – өмірдегі ең маңызды және құнды нәрсе. Отбасы – баланың дамуындағы жетекші фактор. Әдетте, тұлғаның болашағы тәлім-тәрбие алған отбасына байланысты. Отбасы – сүйіспеншіліктің, сыйластықтың, ынтымақтастық пен махаббаттың қайнар көзі. Отбасы-әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыс, ол жеке тұлғаны әлеуметтендірудің алғашқы кезеңі. Кез-келген мемлекеттің болашағы жеке тұлғаның қалыптасуының сәтті процесіне байланысты.
Мақсаты: отбасылық құндылықтарға ұқыппен қарауды, отбасын біріктіруге ықпал ететіндей балалар мен ата-аналар арасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру.
9 қыркүйекте Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталық Астана медицина университеті Мұражайында Отбасы күніне арналған іс-шара өткізді. Бұл кездесуде білім алушылар Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Н.С. Макжановамен Отбасы және неке ұғымдары тақырыбын талқылады. Іс-шараның негізгі идеясы ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды. Білім алушылар талқыланаған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Отбасы күнін кеңінен атап өту отбасы мен некені дәріптеуге, отбасы құндылықтарын насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, балалардың қарт ата-аналарына қамқорлық көрсетуіне, жинақталған тәжірибені жастарға ұсынуға бағытталды. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Ата-ананың жүріс-тұрасы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы барлығы бала үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып, жақсы тәрбие көрсетуі керек. Мәселен Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады»-деп атап өтеді.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн” Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.
Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.
Екінші маңызды отбасылық құндылық – құрмет көрсету. Сыйластық – әр отбасы мүшесін жеке тұлға ретінде мойындау, олардың пікірлерін, тілектері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды қамтиды. Сыйластық бағаланатын отбасында ашық диалог болады. Ондай отбасы өзара түсінісіп, адамның ерекшелігін, айырмашылығын қабылдай біледі. Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін құрметтеу – сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен имандылықтың, ізеттілік пен парасаттылықтың бастау бұлағы – отбасы. Елімізде отбасы институтынақамқорлық пен көмек үздіксіз көрсетіліп келеді. Ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар көлемі жыл сайын өсуде. Дана халқымыздың «Отбасы – тәлім мен тәрбиенің бұлағы» деген өсиет сөзін жадымызда ұстап, отбасындағы асқар әкелер, абзал аналар, балғын балаларымыз аман болсын!

Г.Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ