Қоян құйрығынан қалай айрылды?

20bet_f31Қасқырдың құйрығы болмапты. Түлкінің құйрығына қатты қызығыпты. Бір күні оңаша кездесіп қап, Қасқыр арманына жетті. Түлкінің құйрығын тартып алды. Оған өкінген түлкі жоқ. Кетіп бара жатқан қоянды тоқтатты.
— Құйрығың қандай әдемі! – деді майысып. – Тек қана маған лайық құйрық екен.
Әй-шайға қарамай Қоянның құйрығын жұлып алды. Содан бері Қоян байғұс құйрықсыз жүрген құсайды.
Айдана, Гүлдана ҚАРЕСОВАЛАР.
БҚО, Жәнібек ауданы. Жасқайрат ауылы.

Суретті салған: Бекзат Упан. Алматы облысы, Өтеген батыр кенті

ПІКІР ЖАЗУ