«Қаржылық сауаттылық» пәні енгізілді
Қаржылық сауаттылық деген ең алдымен өз бюджетіңді, кірістер мен шығыстарды басқара алу қабілеті. Күнделікті қаржылық процестерді жоспарлау мен бақылай алу. Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарына «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша жаңа білім беру бағдарламасы енгізілген болатын. Өткен оқу жылында ҚазҰУ колледжінің «Бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы 1 курс білім алушылары үшін «Сапалы білім»,«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша кәсіби-техникалық дағдыларды білім алушылардың бойына сіңіру мақсатында колледжде «Қаржылық сауаттылық» пәні енгізілді. «Қаржылық сауаттылық» пәнін меңгеру арқылы кез келген білім алушы қаржыны басқару қағидасын ұстана отырып табысына сәйкес өмір сүруді және өзінің әл-ауқатын жоспарлы түрде арттырып отыруды үйренеді. Бұл болашақта лайықты жұмыс табуға немесе кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің өзінде білім алушылар өздерінің кірістері мен шығыстарын есептеп, бос ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды меңгерген. Сонымен қатар, банк өнімдерімен танысып, жеке тұлғаларға салынатын салық түрлерін, болашақ зейнетақыларын есептеп, қаржылық алаяқтардан қалай сақтануға да болатынын үйренеді.
Әділет Қабиденұлы,
Мөлдір бұлақ