Болашақтың кепілі – білімді ұлт, сапалы білім

2021 жылы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталған жобаның шеңберінде зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер қарастырылған.

 

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясында “Сабақ сапасы – ұстаз біліктілігінде” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда қала мектептерінің педагог-шеберлері шебер-сынып сағаттарын, коучинг, тренингтер өткізді. Семинарға Тулегенова Салтанат Қ.Сатпаев атындағы Binom school мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Жакупова Гульнар, Аскарбекова Балымкул, 50 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Каришева Назым, № 75 мектеп-гимназиясының математика пәнінің шебер-педагогы, Сауытбай Рустем Серікұлы, Астана қыздар Білім инновация лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Курмантаева Бибинур, № 75 мектеп-гимназиясының математика пәнінің шебер-педагогы, Дюсенова Шамшибану «№82 ″Дарын» мамандандырылған лицейі» КММ, Молдахметова Гуляр, №1 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, №22 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы Ибраева Ляззат қатысты. Іс-шараға барлығы 65 педагог қатысты. Семинар соңында қатысушылармен ашық микрофон арқылы диалогтік алаң құрылып, өзара пікір алмасып, кері байланыс жасалды. Қатысушылар іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге, ұйымдастырушы Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқу орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.
Бірінші міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Екінші міндет – Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA). Ұлттық жоба аясында оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Ұлттық жоба аясында 12 жылдық оқытуға көшу жоспарлануда. Былтырдан бастап қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру көзделуде. Бұл процесс конкурстық негізде және жеке ұйымдарда өтеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін оқушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін «Цифрлық мұғалім» жобасы іске асырыла бастайды. Сонымен қатар, былтырғы жылы қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру басталды.
Үшінші міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылып, балаларды оқыту үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Төртінші міндет – қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. 2025 жылға қарай жастарды қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамту қамтамасыз етіледі. Қамтуды ұлғайту нәтижесінде NEET санатындағы жастар үлесінің төмендеуі күтілуде.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ