Бауыржан атаға арнау

Қуанамын, қуанамын мен бүгін,
Бабаларым естен кетпес ерлігің.
Біздер үшін батыр баба қашанда,
Алатауым, асқақ биік зеңгірім.

Ұрпағына үлгі болған батырым,
Адамзатқа азық болған ақылың.
Ұлтымызда ұландар бар ерлейтін,
Туар тағы, сені туған ғасырым.

Дәл сіздей тарландарым мақтанышым,
Белгілі болды сенің жатқа күшің.
Қайтардың өңмеңдеген қандыкөзді,
Сен үшін жүрек сырым ақтарылсын!

Біледі күллі халық өзіңізді,
Жаттап жүр ұран етіп сөзіңізді.
Өшпейді есіміңіз ел есінен,
Қадаймыз суретіңе көзімізді!…

Оразымбек Мейірім,
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы «Төле би атындағы орта мектебі» 10 сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ