Партизан жазушының шығармасы насихатталды

Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен жазған шығармалар бар. Солардың бірі әрі бірегейі оқырман қауымға кеңінен танымал Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың «Мазмұндама» қоғамдық қорынан басылып шыққан «Жау тылындағы бала» повесі. Автор бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағын суреттейді.

Жыл сайын үзбей жүзеге асып келе жатқан «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыруға негізделген алты бағыттың аясында көркем әдебиет оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының кітапханасы наурыз-сәуір айларының аралығында осы шығарманы түрлі бағытта насихаттады. Атап өтер болсақ, 7 «Қ» сыныбының оқушылары Е.Ерғазы мен Н.Хайрулла «Менің сүйікті кітабым» атты тақырыпта интервью ұйымдастырса, 7 «Ә» сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.С.Кужахметова «Бинго» әдісі арқылы «Жау тылындағы бала» повесін жан-жақты талдатса, 9 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізіліп, оқушылар шығарма желісін әсерлі баяндап берді.


Бала үшін бас ұстаз-ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу жауапты іс. Ал жауапты істің бірі де бірегейі білімді ұрпақ тәрбиелеу. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасының «Оқы және өзгеге сыйла» бағыты аясында 7 «В» сынып оқушылары Б.Сүйіндікұлы, Ә.Қонысбай, Сейтжан Бақытжан, А.Умирбаеваның ата-аналары Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» кітабын өз балаларына сыйға тарту етті. Сондай-ақ, 9 «З» сынып оқушысы Р.Кубишта, А.Кәдір, 9 «Ж» сынып оқушысы А.Тастенова, 9 «Б» сынып оқушысы А.Салық, 9 «З» сынып оқушысы А.Сайлаубай оқиға желісін қылқаламның күшімен шебер суреттеді (төменде салған суреттері берілді).
Қорытып айтар болсақ, тарихы сан алуан оқиғаларға толы қазақ халқынан шыққан көрнекті тұлғалардың басынан өткен оқиғаларын кескіндеу мен мазмұндаудың барысында шығарманың ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса жетуі үшін тынбай еңбектену біздің азаматтық борышымыз деп білемін.

Қуаныш Гүлдана Мұратқызы,
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы жалпы білім
беретін орта
мектеп-гимназиясының
кітапханашысы

ПІКІР ЖАЗУ