Көркем табиғат – киелі мекен

Менің ауылымның аты Ақтөбе. Мен ауылымды жақсы көремін. Ауылымыздың адамдары жақсы кісілер, көршілерімізде жақсы адамдар. Ауылымыздың ауасы таза, көшелері ретті, жинақы. Ауылымыз кішкентай болғанымен мұнда бәрі бар. Мектеп, дүкен, балабақша, мешіт жұмыс істеп тұр. Ауылымыз да атақты Алтынемел ұлттық қорығы бар. Алтынемел ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Алтынемел ұлттық паркінде қызыл кітапқа енген жануарлар қорғалады. Онда қара құйрық, құлан, тауешкі өсіп жатыр. Алтынемел паркінде Қарбарысы бар екені анықталды. Қарбарысын былтыр қорықшылар «фото тұзақ» арқылы байқаған. Біздің ауылда тарихи қорған Бесшатыр, Шоқан бастауы, Үштас, жел соқса ән салып тұратын Айғайқұм секілді аспан астындағы тарихи мұралар сақталған. Айта берсек, әр қайсының өз тарихы, сырлы шежіресі бар. Жаз шықса біздің ауылға туристер қаптап кетеді. Алыс шетелден келетін саяхатшылар тіпті көп. Олар үшін жағдай жасалып қонақ үй, ат-көлік, ұлттық тағамдар әзірленген. Ауылымызға келетін жолымыз даңғыл, табиғатымыз көркем. Әркімнің ауылы өзіне ыстық деген, сөйтседе, менің ауылыма келген адам ешқашан ұмыта алмайтын таңғажайыптар өте көп. Мен ауылымды жақсы көремін.

Сатберген Бағдаулет

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Аралтөбе негізгі мектебі 7-сынып
Жетекшісі: Додабекова Айнагүл Екенқызы, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ПІКІР ЖАЗУ