Ауылым – ыстық ұям
Ауыл деген – сұлу табиғат, таза ауа және тұп-тұнық, мөп-мөлдір бұлақ. Суын ішсең, шіркін-ай!.. Таңдайыңда дәмі қалады. Ауылдан шыққын адамдар шымыр денелі, қуатты, күшті болып келеді. Неге десеңіздер, ауылда асық атып, күресіп, қымыз, айран, сүт ішіп өскен балалар сомденелі ержүрек болады. Кейінгі кезде ауылдағы адамдар саны азаюда, өйткені адамдар тіршілік үшін ауылдан қалаға көшіп жатыр. Ал қазіргі таңда Алматы қаласында жер сілкінісі жиілеп кетті… Соның салдарынан көп қабатты үйде тұратындар ойлана бастады. Айтпақшы, қалалық тұрғындардың біразы қайтадан ауылға көшіп келіп, жер үйлерге ауысуда. Сондықтанда, мен ауылды қауіпсіз, тыныш орын деп санаймын. Басқаларда солай ойлайды деген ойдамын. Маған өз ауылым өте керемет ұнайды, менің ауылым Ақтөбе, ол маған бақ төбе!.. Менің ауылым жылдан жылға көркейіп дамып жатыр, менде есейгенде өз ауылыма үлесімді қосамын.
Матай Жангелді