Ұстаз – ана, мерекеңіз құтты болсын!
Оқырмандардан келетін хаттар кей күндері сәл азайып қалады.
— Е-е, балалар жаһандану кезеңінің озық технологияларын (компьютер, ғаламтор, ұялы телефон т.б.) меңгерген сайын хат жазуды қойған екен ғой дейміз. Сөйтіп, отырғанда, пошташы екі бүйірі қомпиған қоржынымен келіп, хаттарды ақтарып салады. Содан әлгіндегі күдігіміз сейіліп, жадырай конверттерді ашып, оқи бастаймыз.
Топқайың ОМ 4-сынып оқушылары, жетекшісі Бейбіткүл Жұртпасовамен. (Ш.Қ.О. Қатон-қарағай ауданы).
Бізге күніне 20 хат келеді десек, соның он-он бесі Ана мен ұстазға арналады. Жан-дүниесінен, жүрегінен шыққан ақ тілектер өлең болып, жыр болып, ән болып өріледі. Мұндай тілектердің мәтіні біреу, мазмұны ұқсас болғандықтан, оларды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай келе, фотосуреттерін жариялауды жөн көрдік.
Ләззат Қарабалина ұстазымен.
Қалимова Айнұр және Асыланбек Отарғалиев (О.Қ.О.).
Жамбыл атындағы ОМ 4 «г» сынып оқушысы Серік Нұрасыл, ұстазы Ұлбала Абсаматовамен (Тараз).
Айгүл Нариманқызы, шәкірті Сауле Жұбаншалиевамен (Б.Қ.О. Тасқала ауданы).
Бибісара Жамыханқызы – Жамбыл аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің меңгерушісі. (Алматы облысы).