Жүрегімде – ұстазым

4bet_f21Әркімнің де алғашқы ұстазы болады. Және сол ұстаз шәкірт жүрегінде мәңгі сақталып қалады. Сол сияқты менің де қолыма тұңғыш рет қалам ұстатып, әріп танытқан ұстазым бар. Ол-Дидар Ермекқызы. Ол бейне менің екінші анам секілді. Үйде аяулы анамның тәрбиесінде болсам, мектептегі уақытым ұстазымның қасында өтеді. Мен Дидар апайдың жанында өткізген шақтарымды ең бір қимас, әрі ұмытылмас сәттерім деп есептеймін.
Шәкірт жетістігі- ұстаз мәртебесі. Меніңше, әр ұстаз өзінің шәкірттері арқылы мақтана алады. Оқушыларының үнемі биіктерден көріне беруін қалайды. Сондықтан, әр жыл сайын үздік оқушы атанып, алған марапат қағаздарым, басқадай жетістіктерім ұстазымды қуанышқа кенелтсе, мен өзімді дүниедегі ең бақытты адамдардың бірінен санаймын.Мен өмірде өз анасы мен екінші анасы- ұстазын сыйлап, ренжітпей, қуанта білген баланы нағыз Отанының патриоты деп есептеймін.

Ләззат ТОҚТАСЫН.
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ