КІТАП АДАМНЫҢ ЖАН САРАЙЫН КЕҢІТЕДІ

Менің ең сүйікті жазушыларымның бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Мұхтар Әуезов 28 қыркүйекте 1897 жылы дүниеге келген. Ол қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, әлемге әйгілі «Абай жолы» эпопеясын, «Еңлік — Кебек» пьесасын, «Қараш – қараш оқиғасы», «Қилы заман» повесін, «Қорғансыздың күні» әңгімесін және т.б. шығармаларды жазған атақты жазушының бірі. Жазушы 27 маусымда 1961 жылы 63 жасында дүние салған. Жалпы айтқанда, Мұхтар Әуезов менің туған жерімде дүниеге келген, менің жерлесім. Мен осындай атақты тұлғалар дүниеге келген жерде туғаныма мақтанамын.
Мұхтар Әуезовтың шығармаларының ішіндегі ең қатты ұнаған шығармасының бірі «Жетім» әңгімесі. Онда Қасымның қиын балалық шағы туралы айтылады, негізгі кейіпкердің бақытты балалық шағы болмады. Себебі, бұл баланың тағдыр тәуқыметінен көрген зардабы ақыры оның өмірінің күл талқанын шығарған болатын. Әрине, Қасым өзінің басына келген сынақтарға төтеп беруге тырысты. Бірақ оның сағы сынды. Өйткені, Қасымның ең жақын адамдарының бәрі дүние салған, ал Қасымға оны қолдап көмек қолын созатын адам керек болды. Бірақ, өкінішке орай, ондай адам табылмады. Жалпы айтар болсам, бұл оқиға мен үшін ғана емес қазіргі уақытта көптеген адамдарға сабақ. Себебі, қазір балалардың көбісі аке-анасын сыйлаудан қалған, былайша айтқанда мүлдем керек қылмайды. Ал, жетім бала Қасым үшін әке-анасының қасында ойнап күліп жүру арман еді. Десек те, кей кезде әке-аналар балаларына көңіл бөлмей, жұмыс басты болып кетеді. Бірақ әке-ана ешқашан балаларына жамандық тілемейді және жатпай-тұрмай жұмыс істесе де, баласының қамын ойлағандықтан талмай еңбек етеді. Сондықтан, мен барлық балаларға әке-аналарыңды құрметтеп, сыйлаңдар, барында қадіріне жетіңждер, деп айтқым келеді. Егер де біз әке-аналарымызды уақытында сыйлап, қадірлеп өтпесек, кейін кеш болуы мүмкін. «Ата-ананың қадірін балалы болған да білесің» демекші, сен қазір әке-анаңа не істесең, бәлкім болашақта сенің істеген іс-әрекетің өз алдыңа міндетті түрде қайтып келеді. Сондықтан «қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, қолда бар байлығымыздың қадірін білейік. Себебі, Қасым сияқты балалар жетерлік және кеш болмай тұрғанда әке-ананы сыйлап өткенге не жетсін!…
Кітап оқу арқылы мен өте көп дүниені түсіндім және осы кітаптарды оқу барысында мен көп оқиғалардан сабақ алдым. Достар, сендер де білімді, ақылды, мейірімді де қамқор болғыларың келсе, кітап оқуға шақырамын. Өйткені кітап сені ойлы адамдардың қатарына қосады.

Советова Махаббат, Абай облысы, Семей қаласы, №19 Жалпы орта білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы.

ПІКІР ЖАЗУ