«Сөз құдіреті» байқауының жеңімпазы

Кітап қарым-қатынастың, білімнің, еңбектің құдіретті құралы.
 Кітап – өмір ұстазы, сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Осы орайда Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  X облыстык «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Негізгі мақсаты – оқушылардың  мәдени құзыреттіліктерін жақсарту. Қазақ әдебиеті мен шет ел әдебиетін салыстыра келе, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.  Жоғары эстетикалық талғамдарын қалыптастыру және көркем шығарманы оқуға, қабылдауға, одан әсер алуға, көркем әдебиетті бүкіл бітім болмысымен түсіне білуге үйрету.  Қазіргі қоғамда кітап материалдық және рухани мәдениетті дамытудың, дүниені танудың және көптеген ғасырлық тарих бойына адамзат жасаған рухани байлықтарды таратудың қуатты құралы. Бұл байқау 10 жыл бойы көркем әдебиет әуесқойларын біріктіріп, әлі де өз жалғасын таба бермек. Конкурсқа 21 оқушы қатысып, барлық оқушылар назардан тыс қалған жоқ. Мақтау қағаздары, сыйлықтар және өз қарсыластары мен әділқазылар алқасының алдында үлкен тәжірибеге ие болды.  Әдеби сайыстың қорытындысы бойынша облыстық  №2 әмбебап ғылыми кітапханасы атынан Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 7«Ә» сынып оқушысы Абжан Нурикамал қатысып. Айгиз Баймұхаметовтың «Көше балалары» шығармасындағы Данил бейнесін сомдап, актерлік шеберлігін көрсетіп жүлделі III орынға ие болып жеңімпаз атанды.
Нурикамал жеңісің құтты болып, алар асуларың көп болсын!
                                                                        Айзат Дауленқызы,
                                                                       Қостанай облысы,  № 2 ОӘҒК
                                                          Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкері

ПІКІР ЖАЗУ