ШОШАНАЙДЫҢ «ТАҢ ШАПАҒЫ»

Наурыз айының 10-күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылы орта мектебінде бір керемет бас қосу өтті. Бұл күні аудан бойынша Білім бөліміне қарасты барлық мектептердің директорлары, әкімдіктен басшылар, атқа мінер ел ағалары келген екен. Түске дейін Ұлан Серікбайұлы басқаратын мектепте «ашық есік күні» өтті. Тәжірибе ауыстырып, үлгі дәрістер өтілді. Шошанай мектебінің үздік жетістіктері ауданға таныстырылды. Түскі сағат 12 ден кете осы мектептің 10-сынып оқушысы, талантты шәкірт, аудан, облыс көлеміндегі көркем сөз оқудың жүлдегері, енді ғана 15 ке толған Бекмұхан Сырғалым Елжанқызының «Таң шапағы» атты жаңа кітабының тұсаукесері жасалып, жаңа жинақтың лентасы қиылып ұстаздар мен оқушыларға таныстырылды. Аудан бойынша жиналған педагогтердің кеңесінің үстінде мектептің жетістігінің бірі ретінде Сырғалымның еңбегі көпке таныстырылды. Кітаптың бірінші бөлімі «жырға сапар» өлеңдері, екінші бөлімі «қарасөзге қадам» желтоқсаншы, ғалым Роза Өмірбековамен өткізген сұқбаты, әжесі Майра апамен болған әңгімесі, және көркем эссесі басылыпты. Жиналысқа аудандық ардагерлер алқасының ақсақалдары Жәнет Керімқұлов, Мамытхан Құдайбергенов, Аманат партиясының басшысы Мәулен Мұқажанұлы, қаламгерлер «Алаш» силығының иегері Жарас Сәрсек, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Қанат Әбілқайыр, аудармашы Досым Зікірия, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы қатынасты. Олар сөз сөйлеп Сырғалымға ақ жол болсын деп, шығармашылық табыс тіледі.

Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы ауданлағы барлық мектеп директорларының алдында «Мөлдір бұлақ» журналы туралы кеңінен айта келіп, кеші өтіп жатқан ақын қыз Сырғалымның «Мөлдір бұлақтың» оқырманы екенін, өлеңі басылып нәсиқатталып жүрген бір авторы екенін жеткізді. Оқушылардың Журналға жазылуы туралы ой қозғап ұсынысын айтты. Журналдың жаңа шыққан номерін мектеп директорларына өз қолымен таратып берді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Ахметжанқызы бұл ұсынысты қолдап журналмен бірлесіп жұмыс істейтінін білдірді.


Таныстырылымы болып жатқан «Таң шапағы» кітабының шығарушысы, және редакторы, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы екенін айта кеткен жөн. Шошанайда өткен кеште Сырғалым өлең оқыды, мектептің өнерлі шәкірттері жырдан шашу шашып, әсем әнмен өрнектеді. көпке үлгі, оқушыларға шабыт беретіндей отаншылдық сезіммен жоғары дәрежелі көңіл күймен мән-мағыналы болып өтті. Осы игі жұмыстың басында тұрған аудандық білім бөлімінің бас маманы Панара Атакелдиева, ол талантты танып, бұлақтың көзін аша білген жан. Сырғалымның бапкері және жебеушісі. Кітаптың жарық көруіне себеп болған Панара апайға жұрт риза.

Айдана Байтұрсын

ПІКІР ЖАЗУ