Топжарған
Веснин Эдуарт 6 сынып оқушысы, Жетісу облысы Талдықорған қаласында орналасқан «Айналайын» ҚӨЖБҚО-ның тәрбиеленушісі, оқу үздігі, көркемсөз оқу шебері, әнші, биші, суретші, өзі тәрбиеленетін «Айналайын» шаңырағындағы «Пана» театрының белді актері.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған өзге ұлт өкілдері арасындағы «Өлең – сөздің патшасы» байқауына қатысып, ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің арнайы дипломымен марапатталды.
Жетісу облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында өткен мақал-мәтел сайысының жүлдегері.
Республикалық ғылым мен білімді қолдау «Тіл, өнер және білім» орталығы мен «Қазақ елі – Мәңгілік ел» журналымен бірлесе ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысының, «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған республикалық «Ғасырлар перзенті» балалар шығармашылығы байқауының «Поэзия, менімен егіз бе едің?» көркемсөз оқу бағытының жеңімпазы.
Жыл сайын балалар үйі қабырғасында дәстүрлі түрде өтетін бата беру сайысының жеңімпазы Эдуарттың тәрбиешісі, анасы Жұмабекова Шұғыла Тұрсынқызының жетекшілігімен салған «Ақ бата» деп аталатын керемет суретін ұсынамыз.
Гүлбақыт Қасен, ақын,
Талдықорған қаласы