Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіздік жемісі бізге оңайлықпен келген жоқ, басқа жақтан келген жатжұрттықтың елімізді басқаруына қарсы болғаны үшін қаншама адамдардың қаны төгілді, қаншама адамдар түрмеде азап шекті. Арада 36 жыл уақыт өтсе де Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жандардың жан жарасы әлі жазыла қойған жоқ.

Біздің жарқын өмір сүріп отырғанымыз және нұрлы күнге қол жеткізгеніміз – Желтоқсан көтерілісінің арқасы. Желтоқсанда елім деп, жерім деп жас өмірін қиған қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сияқты аға-апаларымыздың есімдері тарих бетінде мәңгілікке жазылды. Желтоқсан көтерілісіне куә болған жандар арамызда баршылық, соның бірі – Миялы балалар Өнер мектебінің мұғалімі – Қайыңбай Бағдагүл апайымыз. Бағдагүл апайдың айтуынша, бір топ қыздар мен жігіттерді ұстап алып, айдалаға орман-тоғайлы жерге лақтырып кеткен. Ертесінде тергеу басталып ең бірінші орыс бөлімінен бастап, орыс бөліміндегі жақсы оқитын қазақтың қыздарын оқудан шығарып, кезек қазақ бөліміне келгенде «тергеу тоқтатылсын» деген бұйрық келіп қазақ бөлімі тергеуден босатылды. Дегенмен де сурет бойынша аңдып ұстап тұтқынға алып отырған.
Біздің жарқырап гүлденуіміз ең бірінші Алланың, содан кейін ардагерлер мен Желтоқсан көтерілісі батырларының арқасы деп білеміз. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын деп тілейміз!

Анара Боранбай, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы балалар Өнер мектебінің оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ