Талпынған жетер

Әлемде армандамайтын жан жоқ. Әркім әлденені бағындырғысы келеді. Ұлпан да сондай қыздардың бірі болды. Ол арманына жету үшін ештеңеден қайтпайды. Бірақ, қаражаты тапшы болады. Кедей отбасында өмір сүреді. Оның бір сіңілісі бар. Оның есімі Ақжан. Әке-шешелері үлкен жол апатына түседі. Сөйтіп қайтыс болады. Барлық істер Ұлпанның мойнына жүктеледі. Ол 10 сынып оқушысы. Сабақта оқу озаты. Өзі қандай болса, сіңілісі де сондай. Екеуінің аралары өте жақсы, бірге әңгімелеседі. Әпкесі сабақтан соң үнемі тәттілер алып беруге тырысады. Олардың басты проблемасы, қаражат жетіспеушілігі. Жаны ашыған Айша апайлары анда-санда келіп, екеуіне азық-түлік беріп, кішкене болсын ақшалай көмек жасайды. Ол екеуінің бір айлық тамақтарына жетеді. Ақжан 6-сыныпта оқиды. Тамақты да өзі пісіріп жей береді. Әпкесі кешке бірақ келеді. Өйткені екі жұмысқа тұрып алған.
Сабағын да қатар алып оқып жүр. Солай-солай күндер өтеді. Бір күні сыныптасы Әсет хабарласады. Әсет бойы ұзын, келбетті қыз еді. Бірақ, өзінің жетістікке жетуі үшін, ешкімді аямайды. Яғни, әділетсіз, адал емес. Ол Ұлпанға бір өтініш айтады. Өтініші бойынша Ұлпан Әсеттің орнына үй жұмысын істеп жүруі қажет. Соған Әсет ақша беретінін айтады. Ұлпан оған бірден келіседі. Себебі, жақында Ақжанның туған күні. Ешкімнен кем болмасын деп оған көйлек алып береді. Арада көп күндер өтеді. Ұлпан Әсеттен ақша алып, естен кетпестей туған күн жасайды. Ақжан үшін бұл ең бақытты күн болады. Бірақ, мұғалімдері Ұлпанның Әсетке үй тапсырмаларын орындап беріп жүргенін байқап, қатал апай Бибігүл оны мектеп директорына хабарлайды. Мектеп директоры Ұлпанды мектептен шығарып жібере жаздайды. Айша апай Ұлпанды бұл кедергіден арашалап қалады. Бұл Ұлпан үшін өте ауыр кезең болды. Далада кетіп бара жатқан Ұлпан ағаштардың арасынан құпия есік тауып алады. Ішіне кіріп еді, бұрынғы заманға, өткен дәуірге тап болды. Онда ашаршылықта өмір сүріп жатқан адамдарды көреді де, жылап жібереді. Себебі, өзінің әлемінде оған шүкіршілік ету қажет екенін түсінеді. Есікті өз әлеміне кіру үшін ашса, есік ашылмай қояды да, ол ашылу үшін астында талаптар қойылады. Бірінші талабы бойынша ол осы әлемнен бір кісіні тауып, оған өз әлемі туралы әңгімелеу керек болады. Ол іздейді де, бір апаны табады. Апа өте қорқынышты көрінді. Бірақ, әңгімелеседі де апа бір күн түнеуін сұрайды. Қорыққаны сонша, бірден келіседі, қашуға жол жоқ. Түні бойы көз іле алмайды. Қалтырап өтірік ұйықтап жатқан Ұлпан апаның пышағын қайрап жатқанын сезеді. Оның ойы өзін жеу екенін бірден түсінеді. Біраз уақыт апа жоқ болып кетеді. Сонда Ұлпан тез тұрып қаша жөнеледі. Есікті таба алмай қиналады. Бірінші талаптың қағазын қараса, екінші талап пайда болады. Онда бір үңгірде бір күн түнеу болды. Не істерін білмеген Ұлпан, істемеске амал жоқ деп, үңгір іздеуге қарай беттейді. Үңгір тауып жатқан соң, ұйықтағанында қорқынышты дыбыстар естіледі. Өзін итермелеген дыбыстарға көз жұма қарап, бәрін ұмытуға тырысады. Сөйтсе көзі ілініп кетіпті. Келесі күні ояна салысымен үшінші талапқа қарайды. Есікті 10 рет ұрып және есікті аш деп айқайлау қажет. Есікті іздеп табады. 10 рет қағып, 10 рет айқайлайды. Бірақ есік ашылмайды. Ашылмағанын көріп бірден жылап жібереді. Себебі, Ақжанды сағынады. Бөтен есікке қайдан ғана кірдім деп жаны күйзеліске ұшырайды. Қарны да ашады, жейтін дәнеңе де жоқ. Біраздан соң ұйықтап қалады. Тұрса алдында Ақжан отыр. Не болғанын тұра салысымен сұрайды. Сөйтсе, бұл оның түсі екен…
Арада біраз уақыт өтеді. Ұлпанның мектеп бітірер кезі де жетеді. Автобуста отырғанда құлағында құлаққап болған. Әнге беріліп ән шырқайды. Ол кішкентайынан ән айтуды жақсы көретін. Бұл құндылықты байқаған адамдар қызды бейнероликке түсіріп алады және қыздың өнеріне тәнті болады. Тіпті, университеттің ректоры хабарласып музыкалық университетке алады. Бітірген соң, бірден танымал болып көп ақша табады. Бірақ не болса да, бақыттың кілті ақшада емес, талпынысында екенін түсінеді. Солай-солай өнердің арқасында мыңды жығып, бар ауыртпашылығын ұмытуға тырысады.

Қалтай Ақжан, Ғани Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің
9 сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ