ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ОЗАТ ОҚУШЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

2021-2022 оқу жылын мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 мектеп-гимназиясы жалпы 1798 оқушымен аяқтады. Оның ішінде 570 бастауыш сынып оқушылары. Осы оқушыларға 245 педагог білім береді. Айтар болсақ, 1 шебер, 37 зерттеуші, 42 сарапшы, 42 модератор, жоғарғы санатты 27, бірінші санатты 41, екінші санатты 38 біліктілігі бар мұғалімдер. Осы ұстаздардың 82 пайыз жоғарғы білімді, қалған 18 мұғалім орта және аяқталмаған білімді ұстазда. Өткен оқу жылында 87 пайыз мұғалім біліктілігін көтеру курсынан өтті. Жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы 64 пайызды құрады. 11-сыныпты 4 «Алтын белгі» төс белгісімен бітірген оқушыларымыз ЖОО түсті. ҰБТ бойынша оқушылардың білім сапасы 74 пайызды құрады.

«Шебер ұстаз озат оқушы тәрбиелейді»

Өткен оқу жылында шәкірттеріміз жақсы жетістіктер көрсетті. Атап айтсақ, Балалар жылына арналған облыстық пікірсайыс турнирінде мектеп командасы Бас жүлде иеленді. Инклюзивті сынып оқушысы Қабдылда Амир мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жас дарын» республикалық байқауында ІІІ орын алды. Халықаралық М.Мақатаев оқуларыннан 8-сынып оқушылары 1, 2 орындарды иеленді. «Жыр алыбы – Жамбыл» ақындар айтысынан Нұрсейіт Мадияр аудандық кезеңнен Бас жүлде алып, облыстық кезеңде жүлдегер атанды. Жетекшісі Аққоян Ержан.


«Мұғалімнің біліктілігі – кәсіби шеберлігінің көрсеткіші»

Мектеп әдіскері Б.А.Кагазов аудандық әдістеме істері бойынша «Жаңашылдық жаршысы» марапатын алды. Мектептің құқық менеджері А.А.Нурмуханбетова облыс көлемінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу істері» бойынша семинар өткізіп, алғыс хатпен марапатталды. Мектептің үйлестірушісі А.Бөлшекбаева «Жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әбдіманап «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы жаңашылдық» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.У.Ашимова халықаралық бейбітшілік әлемі төс белгісімен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімы Шынашова К.Қ. Облыстық «Қазақ детективінің атасы – Кемел Тоқаев» атты жобалар байқауының 2-орын иегері. Л.Ж.Шагабаева «Тәуелсіздікке тарту» ІІ республикалық өнер байқауының жеңімпазы. Д.Т.Яхьярова республикалық «Атакәсіп» суретшілер байқауының дипломаты. Ж.Ушманбетова республикалық «Самғау ән-би» өнер байқауының І орын иегерінң жетекшісі. Жақсылық Эленора VІ республикалық «Жарық жұлдыз» өнер байқауының аспапта ойнау жанры бойынша Бас жүлде иегерінің жетекшісі. М.Т.Жансеркеев халықаралық грек-рим күресінен чемпион жаттықтырушысы. Б.Қ.Назаров Қазақстан Ұлттық ойындар жеңімпазының бапкері. Қ.Б.Рақымжан республикалық «Шаңғы тебу» жарысының кубок иегері. Жалилова Дильноза Сраиловна Қазақстан республикасының құрметті азаматы марапаты.М.К.Жансеркеева республикалық Жас суретші балалар байқауының 1-орын иегері

Білім шыңындағы үздіктер

Мектебіміздің пән мұғалімдері «Жылдың үздік мұғалімі-2022» байқауына қатысып, кәсіби біліктіліктерін көрсете алды.
Оразымбек Гүлмира аудандық «Үздік биология пәні мұғалімі-2022» байқауында Бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
С.С.Тлеубаева аудандық «Үздік география пәні мұғалімі-2022» байқауында ІІІ орын.
Ұ.Т.Көбенкулова аудандық «Үздік математика пәні мұғалімі — 2022» байқауында ІІ орын.
К.Д.Бейсебаева аудандық «Үздік тарих пәні мұғалімі-2022» байқауында ІІ орын.
А.Б.Бейсенбекова аудандық «Үздік үздік сынып жетекші — 2022» байқауында ІІІ орын.
Балапан телеарнасында өткізілген отбасылық спорт жарысына Тлевтай Гүлсім есімді оқушымыз қатысып, жеңімпаз атанды.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біздің мектеп жалпы аудандық рейтинг бойынша 3 орында болды. Мектебімізде үнемі жаңа жобалар мен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Оқушыларға қажетті жағдайларды жасап, қолдау көрсетуге дайынбыз.

Коншибаев Нұрбол Отегенұлы,
мектеп-гимназиясының директоры

 

ТӘЖРИБЕЛІ ҰСТАЗ

Мұқабада көрсетілген 2 «А» сыныбында 24 оқушы бар. Оның 16-сы қыз, 8-і ұл. Сынып оқушылары республикалық олимпиадаларға қатысып 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Би үйірмелеріне 6 қыз қатысады, соның ішінде Нұрболат Нұрай республикалық жарыстан бас жүлде иеленді. Мектепішілік оқудан 1-сыныптар арасынан бір минутта 106 сөз оқып Бақберген Адия бас жүлдені жеңіп алды, бір минутта 97 сөз оқып Әлібиқызы Кәусар бірінші орынды иеленді. Мектепішілік Мұқағали Мақатаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінің байқауларына қатысып Нұртуған Кәусар, Тілеужан Ақжол бірінші орындарды иеленді.
Биылғы оқу жылында мектепішілік ғылыми жобадан Нұртуған Кәусар бірінші орын алды. Сынып оқушылары талантты, ұйымшыл. Сынып жетекшісі: тәжрибелі ұстаз Жанпеисова Айгуль Мамановна. Жоғарғы білімді, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зертеуші санатындағы білікті маман. Қазірге дейін жұмыс өтілі 31 жыл. Республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік көптеген марапаттармен марапатталған. Рес-публикалық журналдарға мақалалары жарияланып отырады.

Айзада Байтұрсын,
10-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ