Байзах Еңлікке сәттілік тілейміз!

Біздің мектептің, яғни №55 жалпы орта білім беретін мектептің кішкентайынан әншісі болып жүрген Байзах Еңлік атты қызым бар.
Қазір ол мектебіміздің 7 «Б» сыныбында оқиды. Мен осы сыныптың сынып жетекшісімін. Оқушыларымның әрбірінің орны ерекше. Еңлікті біз «Әнші қыз» деп атаймыз.Оның әнші болуына әкесі Нұргелді үлкен ықпал етті. Себебі, әкесі әртүрлі аспапта ойнайды, қызын әнге баулыған да осы кісі.

Еңлік мектеппен қатар №2 балалар саз мектебіне фортепианоға 7 жасынан бастап вокалдан сабақ алып жүр. Үшінші сыныптан бастап республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған өнерлі жеткіншек. Ол мектептің әрбір іс-шарасына үнемі қатысады. Оның дауысы өте жағымды, керемет. Оның дауысын естіген әрбір мұғалім: «Әй, осы қыз, үлкен әнші болады-ау!» дейді. Себебі ол қатысқанбарлық байқаулардан үнемі жүлделі келеді. Оның жетістіктері өте көп. Солардың бірнешеуі:
– 2020 жылы Алматы қаласында өткен республика-лық «Мен де жұлдыз боламын» атты конкурсына қатысып, 2-ші орын мен Түркияға жолдама алды;
– 2021жылы желтоқсан айында астанада өткен халықаралық конкурста «Көзімнің қарасы» әнімен 2-ші орын;
– Бұған дейін көптеген конкурстардан бас жүлде иегері атанған.
Жақында ол «Balasing» жасөспірімдер байқауынан «Бас жүлдені» алды.
Еңліктіәр байқаудан келгенінде қошаметпен күтіп, қарсы аламыз. Мектепте үлгілі, тәртіпті оқушы. Сабағы мен өнерін бірге алып келеді. Өткен 2021 жылы әлеуметтік желіде көп тыңдарман жинап, «Хабар» арнасының «Таңғы хабар» бағдарламасына, «Астарлы ақиқат», «Болар бала» бағдарламасына, Түркістан арнасының «Жаңа толқын» бағдарламасына арнайы қонаққа болып, тікелей эфирде өнер көрсетті. Еңліктің өнердегі еліктейтін адамы – Қарақат Әбілдина. Қарақаттың әндерін сүйіп, ерекше орындайды. Сүйікті ісі – жаңа әндер жаттап, өзгеше өнер көрсеткенді жаны қалайды. Еңліктің бойында бар әншілік өнерін ата-анасы үнемі қолдап отырады. Әкесі Нұргелді аккордеонмен сүйемелдеп, Еңлік шырқата ән салғанда сүйсінбейтін жан жоқ. Біз теледидардан әрбір сұхбатын жібермей сыныбымызбен тамашалап отырамыз. Қолымыздан келгенше қолдау көрсетіп, сәттілік тілеп отырамыз. Сыныптастары Еңлікті жақсы көреді. Оның арманы жүйрік, мақсаты айқын екеніне сенеміз. Ал қазір Еңлік балаларға арналған республикалық «Қазақстан дауысы» байқауына қатысып жатыр. Бірінші турдан, таңдау бөлімінен өтті.Төрт тәлімгерден әнші Жанар Дұғалованы таңдады. Бір айдан соң болатын келесі кезеңдерде Еңлікке тағы да сәттілік тілейміз! «Қазақстан дауысы» деген атқа лайық болатынына сенім білдіреміз! Себебі, нағыз жанды дауыста, табиғи дарынды балалар ғана шыңға шыға алады. Еңбек еткен, жеңіске жетеді.

Оспан Гүлзат Есенгелдіқызы,
Шымкент қаласы №55 мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

ПІКІР ЖАЗУ