ЕЛДОСТЫҢ ЕҢБЕГІ (Үй жағдайында әртүрлі заттарды пайдаланып, кемпірқосақ жасау)

Скиттелс арқылы да Кемпірқосақ жасау

Скиттелс (skittles) дегеніміз дүкендерде сатылатын балалар жақсы көріп жейтін тәтті, кәдімгі домалақ кәмпит. Сол скиттелстің бояуының суда ерігіштік қасиетін пайдаланып суда әртүрлі түстер жасауға болады. Түстер бір-біріне қосылып кетпеу үшін реңі бір-біріне ұқсас түстерді өзара іргелес қоймаған дұрыс. Себебі, түстер өзара тұтасып кетеді немесе бір-бірінен ажыратылмай қалады. Ол кемпірқосақтың әдемі шығуына кері әсерін тигізеді (1-сурет). Суретте көрсетілгендей суды дәл ортасынан бастап құйған дұрыс. Себебі су скиттелстің барлық жағына бірдей тимеген жағыдайда су бірінші тиген тұсы тез еріп кетеді де басқа бояулардың таралуына кедергі жасайды. Егер су теңдей таралса бояу да бірдей уақытта еріп барлық бояудың көлемі бірдей жайылады да 2-суретте көрсетілгендей әдемі кемпірқосақтар пайда болады.

1 сурет. Скиттелс (skittles) әр түс бойынша ыдысқа реттеп қою және су құю барысы.

2 сурет. Толығымен пайда болған кемпірқосақ осылай болады.

Фломастердің бояуын суда еріту арқылы кемпірқосақ жасау әдісі

Бұл жұмыс фломастердің бояуының суда ерігіштігімен байланысты.
Бір қызығы суда еріген фломастер бояулары бірден, бір-бірімен араласпайды екен. Әртүрлі бояулар суда еру барысында бірін-бірі итеріп ығыстырады.
3 және 4 суретте көрсетілгендей жасалған жұмыстың нәтижесінде 4-суретте көрсетілгендей әдемі кемпірқосақ пайда болады. Бояулардың бірін-бірі итеріп араласпағаны 4-суретте айқын байқалады.

3-сурет. Фломастердің бояуын суда ерітіп, бояуларды өзара ығыстыру әдісі арқылы кемпірқосақ жасау барысы.

Қызыл орамжапырақ (капуста) көмегімен кемпірқосақ жасау

Қызыл орамжапырақты турап, ыстық суға саламыз. Ыстық суда көкшіл түсті ерітінді пайда болады. Алынған ерітіндіні бірнеше ыдысқа бөліп құйып, әр ерітіндіге әртүрлі, тұрмыста қолданатын заттар құямыз. Бұл суреттерде сірке қышқылы, спрайт сусыны, комт, вантуз сияқты тұрмыста кеңінен қолданылатын заттарды пайдаланды. Әртүрлі заттардың жеке қасиеттеріне қарай қызыл орамжапырақ ерітіндісі әртүрлі түске боялады.

5-сурет. Қызыл орамжапырақты ұсақтап дайындау барысы және қызыл орамжапырақтың бірдей күлгін түсті ерітіндісі. 6 сурет. Қызыл орамжапырақ ерітіндісіне спрайт газдалған сусыны (1), вантуз (2), комт ерітіндісі (3), сірке қышқылы (4) сияқты ертінділерді құю барысы.

6-суретте көрсетілгендей спрайт газдалған сусын құйылғанда ерітінді түсі көкшіл күлгін түстен қызыл күлгін түске айналғанын көруге болады. Ал вантуз (ванна жууға арналған ертінді) сары түс, комт ертіндісі құйылғанда жасыл түс, ал сірке қышқылы құйылғанда қызыл түске боялғанын көруге болады.
Түстердің алмасуы ертіндінің қышқылдық, негіздік мәніне (pH мәні) тәуелді екені белгілі. Бірақ, бұл жердегі мақсат оқушы әлі жас болғандықтан, тек білімге қызықтыру үшін және бір түстен әртүрлі түс жасауға болатынын, ол үшін бар болғаны дұрыстап білім алу керек екенін ұғындыру.

Елдос Жексенбекұлы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
Қайым Мұхамедханов
атындағы №90 гимназиясының
2 «Г» сынып оқушысы

Жетекшісі:
Раушан Солтанқызы

ПІКІР ЖАЗУ