Менің досым кітап

Мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы 189 елді мекенінде тұрамын. №140 негізгі орта мектебінде 6 сынып оқушысымын. Мен ауылымды, мектебімді өте жақсы көремін.
Мектебімізде кітапхана бар. «Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы» Білім мен мәдениеттің биік белестерге жетелейтін тәрбие құралы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытында мектебімізде көптеген іс шаралар өткізілуде. Осы іс шаралардың өтуіне мектебіміздің директоры Оразалина Жайнагул Аманбайқызы өз қолдауын білдірді. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Тәуелсіздікке – 30 жыл, 30 кітап оқу» кітап көрмесі өтті. Біз көптеген қызықты кітаптар оқып, оқыған кітаптар жайлы ойымызмен бөлістік. «Өзің оқы, өзгеге ұсын» буктрейлер ұйымдастырылды. Кітапханашы апай «Кітап оқы, рухани бай боласыңдар» деп айтып отырады. Мен каникул кезінде көптеген қазақша ертегілерді оқығанды жақсы көремін. Соның ішінде «Тазша бала», «Алдар көсе» сияқты ертегілерді оқимын. Кітап менің болашақ серігіме айналды. Сонымен қатар «Мөлдір бұлақ» менің ең сүйікті журналым.

Бейбіт Жібек, 6 сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Айтбек Жанар

ПІКІР ЖАЗУ