Тәуелсіздік алған жыл
Мен бұл суретімнің тақырыбын «Тәуелсіздік алған жыл» деп атадым. Мағынасын ұстазым осылай түсіндірді. Ұстазымның айтуынша, 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып бөлініп жатты. Солардың қатарында Қазақстан да 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Әлем картасында жаңа, жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан биік арманы. Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі баға жетпес байлық екенін естен шығармау керек.
Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар зайырлы мемлекет. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді.
Көпжасар Балнұр
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Шымырбай елді-мекені №41 А.Асанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 7 «А» сынып оқушысы.
Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Артыкова.Г