ОТТАН ЫСТЫҚ ОТАНЫМ
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
(Қазыбек би)
Отан біздің ата-анамыз, туып-өскен жеріміз, досымыз. Әр адамның туған жері Отаны болады. Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Мен Отанымды мақтан тұтамын. Біздің Отанымызды әлемдегі барлық мемлекет таниды. Біздің қазақ деген ұлтымыз бар. Қазақ елі қарапайым, қонақжай, кішіпейіл, көрегенді халық. Қазақ елі ерте заманнан қалыптасқан салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді сақтап қастерлеген халық.
Отаным асқар тауларымен, өзен көлдерімен, сыңсыған орманымен, таби-ғатымен, жусаны бұрқыраған жайсаң даласымен, қазба байлығымен, алуан түрлі жануарларымен көрікті әрі құдіретті. Бүкіл әлем бойынша Қазақстан жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр. Бұл біз үшін өте үлкен жетістік әрі мақтаныш.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда егеменді ел болып тәуелсіздігін алды. Осы сәттен бастап Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің тұңғыш президенті болып сайланды. Ұлттық рәміздеріміз әнұран, елтаңба, Ата Заңымыз, ұлттық теңгеміз қалыптасты.
Отан туралы ақындардың бізге мұрат етіп қалдырған өлеңдері өте көп. Бұл қаламгерлердің бізге қалдырған мұрасы баға жетпес асыл қазынамыз. Көрнекті ақын М.Мақатаев атамыздың «Отан» деген өлең жолдарынан Оның шексіз махаббаты мен патриоттық сезімін байқауға болады.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…
Мен өз Отанымның патриотымын деп толық айта аламын. Себебі, мен өз елімде, жерімде тұрып, қазақ тілінде білім алып, ана тілімде сөйлеп, қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанамын. Болашақта мемлекет қорғанысы бойынша әскери салада жұмыс істегім келеді. Қазақстан еліме, жеріме борышымды адал өтеп, еңбек еткім келеді.
Мағжан Әбдімұрат,
Д.Бабаев атындағы
№115 жалпы білім беретін
мектеп, КММ-нің
3 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Баян Диканбаева